Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округінің "Бектұр" қыстағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйек № 585 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4213 енгізілген, 2016 жылы 11 қаңтарда аудандық "Тарбағатай" газетінің № 3 (8002) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округінің "Кеңесбай" қыстағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйек № 584 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4211 енгізілген, 2016 жылы 11 қаңтарда аудандық "Тарбағатай" газетінің № 3 (8002) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округінің "Шыбынды" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 374 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3499 енгізілген, 2014 жылы 27 қазанда аудандық "Тарбағатай" газетінің № 88 (7882) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. "Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылдық округінің "Көкбастау" ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 375 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3500 енгізілген, 2014 жылы 27 қазанда аудандық "Тарбағатай" газетінің № 88 (7882) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің аппарат басшысы Е. Ескендировқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Аудан әкімі | Д. Оразбаев |