1. Қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" мамырдағы № 102-1 қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулыларының тізбесі
| № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Тіркелген және жарияланған күні | |
| 1 | 2 | 3 | |
| 1. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 211 "Ақтоғай ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 қыркүйекте № 3994 тіркелген; 2014 жылғы 13 қыркүйекте № 36 "Ауыл тынысы" және № 36 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |
| 2. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 346 "2016 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4906 тіркелген; 2016 жылғы 6 ақпанда № 5 "Ауыл тынысы" және № 5 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |
| 3. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 347 "2016 жылға арналған Ақтоғай ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4907 тіркелген; 2016 жылғы 6 ақпанда № 5 "Ауыл тынысы" және № 5 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |
| 4. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 51 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 6 сәуірде № 5053 тіркелген, 2016 жылғы 16 сәуірде № 16 "Ауыл тынысы" және № 16 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |
| 5. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 195 "Ақтоғай ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 тамызда № 4644 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда № 32 "Ауыл тынысы" және № 32 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған | |