Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 40-бабы 2-тармағын басшылыққа алып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 03 қыркүйектегі № 34/10 "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 3424, 2015 жылғы 14 қазандағы № 112 (12362) "Балқаш өңірі" және № 113 (1434) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Балқаш қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі (Б.С. Асылбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен, осы қаулыдан туындайтын тиісті жұмысты жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Кымбат Айдынович Байтурсыновқа жүктелсін.
| Балқаш қаласының әкімі | А. Аглиулин |