Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z933100_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Үкiметтiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасындағы
аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына
сәйкестендiретiн болсын;
- Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен
ведомстволарының осы Заңға қайшы келетiн қалыпты құжаттарын
қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
- "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуы үшiн қажеттi қалыпты
құжаттар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы