О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 20 марта 2024 года №20/3-VIII "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Курчумском районе"

Решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21 июля 2026 года № 55/3-VIII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 июля 2026 года № 39392

      Курчумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Курчумского районного маслихата от 20 марта 2024 года № 20/3-VIII "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Курчумском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8983-16) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Курчумский районный маслихат РЕШИЛ:";

      в Размере и правилах оказания жилищной помощи в Курчумском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета на соответствующий финансовый год малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Курчумском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на текущие и накопительные взносы, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченной семьи (граждан) на эти цели, в размере 5 (пяти) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается уполномоченным органом в пределах норм, согласно Правил.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб-портал "цифрового правительства", согласно Правил.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "цифрового правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных текущих и накопительных взносах и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Курчумского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;       2) размещение настоящего решения на интернет - ресурсе Курчумского районного маслихата после официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата
      К. Бахтияров

Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII "Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2026 жылғы 21 шілдедегі № 55/3-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 шiлдеде № 39392 болып тіркелді

      Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII "Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8983-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңынын 97-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен ережесінде:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Күршім ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын ;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтаушы жарналарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен нормалар шегінде Қағидаға сәйкес есептелінеді.";

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтаушы жарналар шоттары және коммуналдық қызметтерді төлеу шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

      2. "Күршім аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Күршім аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      К. Бахтияров