О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 29 марта 2024 года № 23-76 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи Ескельдинского района"

Решение Ескельдинского районного маслихата области Жетісу от 13 июля 2026 года № 63-193. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 июля 2026 года № 39297

      Ескельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Ескельдинского районного маслихата от 29 марта 2024 года № 23-76 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи Ескельдинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 191-19) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи по Ескельдинскому району";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Определить размер и правила оказания жилищной помощи по Ескельдинскому району, согласно приложению к настоящему решению.";

      размер и порядок оказания жилищной помощи Ескельдинского района, определенные в приложении к указанного решения, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата Ескельдинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Государственному учреждению "Аппарат маслихата Ескельдинского района" после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на курирующего заместителя акима Ескельдинского района.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Ескельдинского районного маслихата К.Сатанов

  Приложение к решению
Ескельдинский районный
маслихат от 13 июля
2026 года № 63-193
  Приложение к решению
Ескельдинского районного
маслихата от 29 марта
2024 года № 23-76

Размер и правила оказания жилищной помощи по Ескельдинскому району

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, проживающим в Ескельдинском районе, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Ескельдинского района" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем согласно приказу Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели в размере 10 (десяти) процентов к совокупному доходу услугополучателя.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в соответствии с пунктом 4-1 Правил.

      5. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом совокупный доход услогополучателя и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателю.

      8. Назначение жилищной помощи услугополучателю осуществляется в пределах средств, предусмотренных в городском бюджете на соответствующий финансовый год.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета услугополучателей.

"Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 23-76 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 шілдедегі № 63-193 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 шілдеде № 39297 болып тіркелді

      Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 23-76 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191-19 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескелді ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ескелді ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ескелді ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Ескелді ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Ескелді ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы К.Сатанов

  Ескелді аудандық мәслихаты 2026 жылғы 13 шілдедегі № 63-193 Шешімге қосымша
  Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 23-76 шешіміне қосымша

Ескелді ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Ескелді ауданында тұратындарға:

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есептеледі.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.

      5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп -ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.