О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 23 августа 2024 года № 8С-24-3 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Астраханском районе"

Решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 10 марта 2026 года № 8С-48-4. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 марта 2026 года № 38122

      Астраханский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 23 августа 2024 года № 8С-24-3 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Астраханском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8825-03) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи в Астраханском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Определить размер и правила оказания жилищной помощи в Астраханском районе согласно приложению к настоящему решению.";

      заголовок в приложении к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "Размер и правила оказания жилищной помощи в Астраханском районе";

      в приложении к указанному решению:

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере 5 (пяти) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в пределах норм, установленных в пункте 4-1 Правил.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Астраханского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Астраханского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима Астраханского района курирующего социальную сферу.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Астраханского районного маслихата М. Қожахмет

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 8С-24-3 "Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы № 8С-48-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 наурызда № 38122 болып тіркелді

      Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 8С-24-3 "Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 23 тамыздағы № 8С-24-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8825-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1 -тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі (бес) 5 пайыз мөлшерінде айқындалды.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші нормалар шегінде Қағидалардың 4-1-тармағында белгіленген нормалар шегінде есептейді.".

      2. "Астрахан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Астрахан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің осы саланы жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы М.Қожахмет