Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 18 августа 2026 года № 316. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 августа 2026 года № 39663

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 4 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих.

      2. Департаменту кадровой и воспитательной работы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ч. Аринов

  Утверждены
приказом Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 18 августа 2026 года
№ 316

Правила и условия исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и условия исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3) пункта 4 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" и определяют порядок и условия исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих (далее – гражданские служащие и работники).

Глава 2. Порядок и условия исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих

      2. Стаж работы по специальности исчисляется в календарном порядке на основании документов, подтверждающих трудовую деятельность гражданских служащих и работников.

      3. При возникновении у гражданских служащих и работников в течение календарного месяца права на повышение должностного оклада исчисление должностного оклада с учетом стажа работы по специальности осуществляется со дня возникновения такого права.

      4. Исчисление стажа работы по специальности гражданских служащих и работников рассматривается комиссией.

      5. Комиссия по установлению стажа является постоянно действующей и формируется в составе председателя, секретаря и членов комиссии государственного учреждения или организации, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты.

      6. Количество членов комиссии, участвующих в голосовании, должно быть нечетным и составлять не менее пяти человек.

      7. Секретарь комиссии осуществляет организационно-техническое обеспечение деятельности комиссии и не участвует в голосовании.

      8. Состав комиссии утверждается приказом руководителя соответствующего государственного учреждения или организации, а в случае его отсутствия – лицом, исполняющим его обязанности.

      9. Решение комиссии принимается большинством голосов от общего числа членов комиссии, участвующих в голосовании, и оформляется протоколом, на основании которого издается приказ об установлении стажа работы по специальности.

      10. Выписки из решения комиссии оформляются в двух экземплярах и передаются в кадровую службу и бухгалтерию.

      11. Документы, подтверждающие трудовую деятельность гражданских служащих и работников для целей исчисления стажа работы по специальности, определяются в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан и настоящими Правилами.

      12. Гражданским служащим и работникам, относящимся к категории врачебного, фармацевтического, среднего и младшего медицинского персонала, стаж работы по специальности исчисляется в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 2 августа 2016 года № 685 "Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий в сфере здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14205).

      13. В стаж работы по специальности гражданским служащим и работникам засчитываются:

      1) время работы по соответствующей специальности независимо от организационно-правовой формы работодателя;

      2) время прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан и бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – СССР), за исключением лиц, уволенных по отрицательным мотивам;

      3) время прохождения службы в правоохранительных органах, специальных государственных органах, Национальной гвардии Республики Казахстан, органах гражданской защиты и бывшего СССР, за исключением лиц, уволенных по отрицательным мотивам;

      4) время работы в аппаратах судов Республики Казахстан и бывшего СССР, за исключением лиц, уволенных по отрицательным мотивам;

      5) время работы в системе Национального Банка Республики Казахстан и Государственного банка СССР;

      6) отпуск в связи с беременностью и рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей), без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет, предоставленный в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан;

      7) время осуществления полномочий депутатов Курултая Республики Казахстан, Парламента Республики Казахстан, Верховного Совета Республики Казахстан, Верховного Совета Казахской ССР, местных представительных органов Республики Казахстан на постоянной основе;

      8) время обучения по направлению государственных органов на курсах подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров с отрывом от работы, если работник до направления на обучение работал в государственном органе и после окончания обучения вернулся в государственный орган;

      9) время нахождения на государственной службе на должностях государственных служащих.

      ____________________

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 тамызда № 39663 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ч. Аринов

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2026 жылғы 18 тамыздағы
№ 316 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері (бұдан әрі – азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлер) үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттары

      2. Мамандық бойынша жұмыс өтілі азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар негізінде күнтізбелік тәртіппен есептеледі.

      3. Азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлерде күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақыны арттыру құқығы туындаған кезде, мамандық бойынша жұмыс өтілі ескеріле отырып, лауазымдық айлықақы осындай құқық туындаған күннен бастап есептеледі.

      4. Азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеуді комиссия қарайды.

      5. Еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін болып табылады және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекеменің немесе ұйымның төрағасының, хатшысының және комиссия мүшелерінің құрамында қалыптастырылады.

      6. Дауыс беруге қатысатын комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде бес адамды құрауы тиіс.

      7. Комиссия хатшысы комиссия қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      8. Комиссияның құрамы тиісті мемлекеттік мекеме немесе ұйым басшысының, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі.

      9. Комиссия шешімі дауыс беруге қатысатын комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді, оның негізінде мамандық бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы бұйрық шығарылады.

      10. Комиссия шешімінен үзінді көшірме екі данада ресімделеді және кадр қызметі мен бухгалтерияға беріледі.

      11. Азаматтық қызметші мен жұмыскерлердің мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу мақсаттары үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және осы Қағидаларға сәйкес айқындалады.

      12. Дәрігерлік, фармацевтикалық, орта және кіші медициналық персонал санатына жатқызылған азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлеріне мамандық бойынша жұмыс өтілі "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 2 тамыздағы № 685 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14205 тіркелген) сәйкес есептеледі.

      13. Азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлердің мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі:

      1) жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, тиісті мамандық бойынша жұмыс уақыты;

      2) теріс себептермен жұмыстан шығарылған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында және бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында (бұдан әрі – КСРО) әскери қызмет өткеру уақыты;

      3) теріс себептермен жұмыстан шығарылған адамдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, азаматтық қорғау органдарында және бұрынғы КСРО-да қызмет өткеру уақыты;

      4) теріс себептермен жұмыстан шығарылған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО кемелерінің аппараттарында жұмыс істеу уақыты;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен КСРО Мемлекеттік банкі жүйесіндегі жұмыс уақыты;

      6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес берілген баланың (балалардың) жүктілігіне және тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс;

      7) Қазақстан Республикасы Құрылтайы, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асыру уақыты;

      8) егер қызметкер оқуға жіберілгенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істесе және оқу бітіргеннен кейін мемлекеттік органға оралса, кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша оқу уақыты;

      9) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарында мемлекеттік қызметте болған уақыты.

      ______________________