О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействия коррупции от 19 октября 2016 года № 12 "Об утверждении Типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 6 августа 2026 года № 138. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 августа 2026 года № 39518

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействия коррупции от 19 октября 2016 года № 12 "Об утверждении Типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14441) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О противодействии коррупции" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Типовых правилах проведения внутреннего анализа коррупционных рисков, утвержденных указанным приказом:

      часть вторую пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "В случае проведения уполномоченным органом по антикоррупционной политике внешнего анализа коррупционных рисков в деятельности объекта анализа, внутренний анализ коррупционных рисков проводится по истечению одного года со дня его завершения.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Под организационно-управленческой деятельностью объекта анализа понимаются вопросы:

      1) управления персоналом, в том числе определения должностей, подверженных коррупционным рискам;

      2) предотвращения и урегулирования конфликта интересов;

      3) оказания государственных услуг;

      4) выполнения разрешительных функций;

      5) реализации контрольно-ревизионных функций;

      6) освоения и распределения бюджетных финансовых средств;

      7) осуществления государственных закупок;

      8) бюджетного планирования;

      9) заключения договоров с физическими и юридическими лицами;

      10) разработки и эксплуатации цифровых систем;

      11) иные вопросы, вытекающие из организационно-управленческой деятельности объекта анализа.";

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) вступившие в законную силу судебные акты по вопросам, связанным с деятельностью объекта внутреннего анализа коррупционных рисков;";

      дополнить подпунктом 7-1) следующего содержания:

      "7-1) публикации, обращения и иные сведения, размещенные в социальных сетях и интернет-ресурсах, содержащие информацию о возможных коррупционных рисках в деятельности объекта внутреннего анализа коррупционных рисков;";

      главу 2 дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:

      "19-1. По результатам внутреннего анализа коррупционных рисков субъект внутреннего анализа коррупционных рисков вправе направить запрос в уполномоченный орган по антикоррупционной политике о необходимости проведения внешнего анализа коррупционных рисков.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам, используется уполномоченными по этике, антикоррупционными комплаенс-службами и иными структурными подразделениями или лицами государственных органов, организаций и субъектов квазигосударственного сектора, осуществляющими функции по профилактике и недопущению нарушений законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия коррупции, при организации системной профилактической работы с лицами, занимающими должности, подверженные коррупционным рискам.";

      пункт 26 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Информация о выявленных коррупционных рисках и ходе исполнения плана мероприятий представляется первому руководителю субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков раз в полугодие, до 15 января и 15 июля.".

      2. Департаменту по дебюрократизации и превенции коррупции Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, курирующего вопросы антикоррупционной политики.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 13 августа 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
Д. Жазықбай

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 6 тамыздағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 тамызда № 39518 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ол аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мынадай мәселелер талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп түсініледі:

      1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

      2) мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

      5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

      6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

      7) мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;

      8) бюджеттік жоспарлау;

      9) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

      10) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

      11) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) талдау объектісінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша заңды күшіне енген сот актілері;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) талдау объектісінің ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты болуы мүмкін ақпаратты қамтитын әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда жарияланған жарияланымдар, өтініштер және өзге де мәліметтер;";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері бойынша ішкі талдау субъектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттілігі туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға сұрау салуға құқылы.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін әдеп жөніндегі уәкілдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер және өзге де құрылымдық бөлімшелер немесе мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын адамдармен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру кезінде пайдаланады.";

      26-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына жарты жылда бір рет, 15 қаңтар және 15 шілдеге дейін ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Д. Жазықбай