О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 175 "Об утверждении Типовых правил работы игорного заведения, букмекерской конторы или тотализатора, приема ставок и проводимых азартных игр и (или) пари"

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 21 июля 2026 года № 135. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июля 2026 года № 39382

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 175 "Об утверждении Типовых правил работы игорного заведения, букмекерской конторы или тотализатора, приема ставок и проводимых азартных игр и (или) пари" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35240) следующие изменения:

      в Типовых правилах работы игорного заведения, букмекерской конторы или тотализатора, приема ставок и проводимых азартных игр и (или) пари, утвержденных указанным приказом:

      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "9. Организаторы игорного бизнеса, осуществляющие деятельность казино, зала игровых автоматов, обеспечивают идентификацию участника азартной игры путем внесения данных, указанных в документе, удостоверяющем личность физического лица, в форму регистрации участника азартной игры (далее – форма регистрации), определяемую организатором игорного бизнеса, осуществляющим деятельность казино, зала игровых автоматов, в Правилах работы игорного заведения, приема ставок и проводимых азартных игр.

      Форма регистрации представляет собой документ в бумажном и (или) файл в электронном виде, который заполняется для идентификации участника азартной игры и позволяет зарегистрироваться соответствующему физическому лицу в игорном заведении.

      В форме регистрации для физического лица указываются:

      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии);

      2) гражданство;

      3) индивидуальный идентификационный номер (для гражданина Республики Казахстан);

      4) индивидуальный идентификационный номер, указанный в виде на жительство иностранного гражданина в Республике Казахстан, или номер заграничного паспорта (для иностранного гражданина);

      5) индивидуальный идентификационный номер, указанный в удостоверении лица без гражданства (для лица без гражданства);

      6) дата рождения;

      7) род деятельности, место работы (при наличии);

      8) личный абонентский номер сотовой связи;

      9) банковский счет, принадлежащий физическому лицу.

      10. Организаторы игорного бизнеса, осуществляющие деятельность казино, зала игровых автоматов, отказывают в допуске к участию в азартных играх физическим лицам, которым установлен запрет на участие в азартных играх в соответствии с пунктом 1 статьи 15 Закона.";

      пункты 27, 28 и 29 изложить в следующей редакции:

      "27. Организатор игорного бизнеса, осуществляющий деятельность букмекерской конторы или тотализатора, до принятия ставки производит регистрацию участника пари посредством аппаратно-программного комплекса путем открытия аккаунта, в том числе в ЕСУ, с внесением следующих данных:

      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии);

      2) гражданство;

      3) индивидуальный идентификационный номер (для гражданина Республики Казахстан);

      4) индивидуальный идентификационный номер, указанный в виде на жительство иностранного гражданина в Республике Казахстан или номер заграничного паспорта (для иностранного гражданина);

      5) индивидуальный идентификационный номер, указанный в удостоверении лица без гражданства (для лица без гражданства);

      6) дата рождения;

      7) род деятельности, место работы (при наличии);

      8) личный абонентский номер сотовой связи;

      9) банковский счет, принадлежащий физическому лицу;

      10) уникальный идентификатор в ЕСУ.

      Уникальный идентификатор ЕСУ присваивается после прохождении регистрации и идентификации участника пари в ЕСУ.

      Участнику пари присваивается один уникальный идентификатор в ЕСУ для организатора игорного бизнеса, осуществляющего деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора. Для одного участника пари открывается один или несколько электронных кошельков в системе электронных денег ЕСУ. При этом, для расчетов участника пари с организатором игорного бизнеса, осуществляющим деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, используется только один электронный кошелек в системе электронных денег ЕСУ.

      28. Организаторы игорного бизнеса, осуществляющие деятельность букмекерской конторы или тотализатора, при регистрации участника пари осуществляют идентификацию участника пари путем направления текстового сообщения с кодом подтверждения на абонентский номер сотовой связи участника пари, указанный при регистрации.

      Организаторы игорного бизнеса, осуществляющие деятельность букмекерской конторы или тотализатора, при входе участника пари на свой аккаунт осуществляют идентификацию участника пари путем направления текстового сообщения с кодом подтверждения на абонентский номер сотовой связи участника пари, указанный при регистрации или путем направления текстового сообщения с кодом подтверждения посредством сервиса обмена мгновенными сообщениями, привязанного к абонентскому номеру сотовой связи участника пари, указанному при регистрации.

      29. Организаторы игорного бизнеса, осуществляющие деятельность букмекерской конторы или тотализатора, отказывают в допуске к участию в пари физическим лицам, которым установлен запрет на участие в пари в соответствии с пунктом 1 статьи 15 Закона.".

      2. Комитету по регулированию игорного бизнеса и лотереи Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения подпунктов 1) и 2) настоящего пункта обеспечить предоставление информации об исполнении в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев шестнадцатого и тридцать третьего пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 12 августа 2026 года.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

"Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 шілдеде № 39382 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында:

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар құмар ойынға қатысушыны сәйкестендіруді жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген деректерді казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы Ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың қағидаларында айқындайтын құмар ойынға қатысушыны тіркеу нысанына (бұдан әрі – тіркеу нысаны) енгізу жолымен қамтамасыз етеді.

      Тіркеу нысаны құмар ойынға қатысушыны сәйкестендіру үшін толтырылатын және тиісті жеке тұлғаға ойын мекемесінде тіркелуге мүмкіндік беретін қағаз және (немесе) электрондық түріндегі файл болып табылады.

      Жеке тұлғаны тіркеу нысанында:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) азаматтық;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының азаматы үшін);

      4) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына арналған нысанда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік паспорттың нөмірі (шетел азаматы үшін);

      5) азаматтығы жоқ адамның куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (азаматтығы жоқ адам үшін);

      6) туған күні;

      7) қызмет түрі, жұмыс орны (бар болса);

      8) ұялы байланыстың жеке абоненттік нөмірі;

      9) жеке тұлғаға тиесілі банктік шот көрсетіледі.

      10. Казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға құмар ойындарға қатысуға рұқсат беруден бас тартады.";

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлеме қабылдағанға дейін аккаунт ашу жолымен аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігуге қатысушыны тіркеуді жүзеге асырады, оның ішінде БЕЖ жүйесінде, мынадай деректерді енгізу арқылы:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) азаматтығы;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының азаматы үшін);

      4) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар нысанда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік паспорттың нөмірі (шетел азаматы үшін);

      5) азаматтығы жоқ адамның куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (азаматтығы жоқ адам үшін);

      6) туған күні;

      7) қызмет түрі, жұмыс орны (бар болса);

      8) ұялы байланыстың жеке абоненттік нөмірі;

      9) жеке тұлғаға тиесілі банктік шот;

      10) БЕЖ-дегі бірегей сәйкестендіргіш.

      БЕЖ-дегі бірегей сәйкестендіргіш бәс тігуге қатысушы БЕЖ-де тіркеліп, сәйкестендіруден өткеннен кейін беріледі.

      Букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы үшін бәс тігуге қатысушыға БЕЖ-де бір ғана бірегей сәйкестендіргіш беріледі. Бір бәс тігуге қатысушы үшін БЕЖ-дің электрондық ақша жүйесінде бір немесе бірнеше электрондық әмиян ашылады. Бұл ретте букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мен бәс тігуге қатысушы арасындағы есеп айырысулар үшін БЕЖ-дің электрондық ақша жүйесіндегі тек бір электрондық әмиян пайдаланылады.

      28. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар бәс тігуге қатысушыны тіркеу кезінде көрсетілген бәс тігуге қатысушының ұялы байланысының абоненттік нөміріне растау коды бар мәтіндік хабарламаны жіберу арқылы бәс тігуге қатысушыны сәйкестендіруді жүзеге асырады.

      Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар бәс тігуге қатысушы өз аккаунтына кірген кезде бәс тігуге қатысушыны тіркеу кезінде көрсетілген бәс тігуге қатысушының ұялы байланысының абоненттік нөміріне немесе бәс тігуге қатысушыны тіркеу кезінде көрсетілген бәс тігуге қатысушының ұялы байланысының абоненттік нөміріне байланған жедел хабар алмасу сервисі арқылы растау коды бар мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен бәс тігуге қатысушыны сәйкестендіруді жүзеге асырады.

      29. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес бәс тігуге қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға бәс тігуге қатысуға рұқсат беруден бас тартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін мен лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он алтыншы және отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов