О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 863 "Об утверждении Типовых правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат"

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 9 июля 2026 года № 465. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июля 2026 года № 39289

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 863 "Об утверждении Типовых правил использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17522) следующие изменения:

      в Типовых правилах использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Представительские затраты – средства, предусмотренные в местном бюджете на соответствующий финансовый год и используемые для приема иностранных делегаций, проведение заседаний, конференций, совещаний, семинаров, торжественных и официальных мероприятий.

      К представительским затратам относятся:

      1) аренда помещения для проведения мероприятия;

      2) автотранспортное обслуживание;

      3) услуги переводчиков;

      4) официальные обеды, ужины, фуршеты;

      5) приобретение сувениров, памятных подарков;

      6) иные затраты, разрешенные акимом столицы, области, города республиканского значения.";

      пункт 3 исключить;

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Выделение средств из местного бюджета на представительские затраты осуществляется на основании соответствующего порядка местного исполнительного органа столицы, области, города республиканского значения.";

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Администратор местных бюджетных программ в течение 10 календарных дней после проведения мероприятия представляет соответствующему местному исполнительному органу столицы, области, города республиканского значения отчет об использовании средств, выделенных на представительские затраты, за подписью первого руководителя (лица, его заменяющего), с приложением:

      1) основания для проведения мероприятия, сметы расходов и документов, предусмотренных подпунктами 2) и 4) пункта 5 настоящих Типовых правил;

      2) документа, подтверждающего фактическое количество участников;

      3) копий документов, подтверждающих фактические затраты по смете расходов (квитанции, счета-фактуры, накладные, акты выполненных работ (оказанных услуг) с указанием стоимости и объема приобретенных товаров, работ и услуг, договора).

      7. Местным исполнительным органом столицы, области, города республиканского значения потребность в представительских затратах определяется с учетом выполнения возложенных функций и полномочий на основе результатов анализа необходимости, обоснованности и целесообразности осуществления данных затрат.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Нормы представительских затрат разрабатываются в табличном виде с указанием в них:

      1) наименования представительских затрат;

      2) стоимости представительских затрат в теңге, из расчета на единицу.

      При необходимости, делаются ссылки на примечания, приводятся уточнения применения норм представительских затрат.".

      2. Департаменту методологии бюджетного процесса Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра финансов Республики Казахстан
Е. Биржанов

"Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 9 шiлдедегi № 465 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 шiлдеде № 39289 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларында және өкілдік шығындардың нормаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өкілдік шығындар – бұл тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте көзделген және шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге пайдаланылатын қаражат.

      Өкiлдік шығындарға:

      1) іс-шараларды өткiзу үшiн үй-жай жалдауға;

      2) автокөлiктік қызмет көрсетуге;

      3) аудармашылардың қызметiн төлеуге;

      4) ресми түскi астарға, кешкi астарға, фуршеттерге;

      5) кәдесыйлар, естелiк сыйлықтар сатып алуға;

      6) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмі рұқсат еткен өзге шығыстарға арналған шығындар жатады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығындарға қаражат бөлу астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының тиісті тәртібі негізінде жүзеге асырылады.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі іс-шаралар өткізілгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органына бірінші басшының (оны ауыстыратын тұлғаның) қолын қойдырып өкілдік шығындарға бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепті тапсырады, ол мыналарды қамтиды:

      1) іс-шараны жүргізу үшін негіздеме, осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген шығыстар сметасы мен құжаттар;

      2) өткізілген іс-шараға қатысушылардың нақты санын растайтын құжат;

      3) шығыстар сметасы бойынша іс жүзіндегі шығындарды растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны мен көлемі көрсетілген түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері, шарттар).

      7. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы өкілдік шығындардың қажеттілігін осы шығындардың жүзеге асырылу қажеттілігін, негізділігін және орындылығын талдау нәтижелері негізінде жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуын ескере отырып айқындайды.";

      9-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов