О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 26 июня 2019 года № 436 "Об утверждении Правил использования технических средств для фиксации фактов совершения административных правонарушений и действий должностных лиц органов транспортного контроля" и в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 "Об утверждении Правил организации работы автоматизированных станций измерения"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 25 мая 2026 года № 123. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 мая 2026 года № 38796

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 12.07.2026 г.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в Приказ министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 26 июня 2019 года № 436 "Об утверждении Правил использования технических средств для фиксации фактов совершения административных правонарушений и действий должностных лиц органов транспортного контроля" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18944) следующие изменения:

      в Правилах использования технических средств для фиксации фактов совершения административных правонарушений и действий должностных лиц органов транспортного контроля, утвержденных указанным приказом:

      пункты 23 и 24 изложить в следующей редакции:

      "23. Интеллектуальный прибор наблюдения предназначен для сбора доказательной базы при выявлении потенциальных правонарушителей и пресечении административных правонарушений в области автомобильного транспорта и передачи формализованной информации в Ситуационный центр и посты транспортного контроля в режиме реального времени.

      Интеллектуальный прибор наблюдения интегрируется с цифровой - аналитической системой транспортной базы данных в соответствии с подпунктом 13) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об информатизации".

      24. В случае технической неисправности (в том числе потери сигналов каналов связи для онлайн передачи данных) интеллектуальный прибор наблюдения сохраняет данные в автоматическом режиме в локальной памяти, после налаживания канала передачи данных – передает информацию с указанием режима реального времени.

      Передача данных осуществляется посредством интеграции цифровой системы поста транспортного контроля с цифровой системой уполномоченного органа в сфере транспортного контроля.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Каждому интеллектуальному прибору наблюдения присваивается инвентарный номер для учета в работе при выдаче, приемке прибора и выгрузке цифровых данных.".

      2. Внести в Приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 "Об утверждении Правил организации работы автоматизированных станций измерения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8788) следующие изменения:

      в Правилах организации работы автоматизированных станций измерения, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "2) автоматизированная станция измерения – интегрированный с интеллектуальной транспортной системой комплекс сертифицированных контрольно-измерительных технических средств и приборов, прошедших метрологическую поверку, осуществляющих фото- и видеосъемку, работающих в автоматическом режиме, обнаруживающих или фиксирующих вид, марку, государственный регистрационный знак, весовые и габаритные параметры, осевые нагрузки и скорость движения автомобильных транспортных средств;";

      в Приложении 1 к Правилам организации работы автоматизированных станций измерения:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Информация о проезде автотранспортных средств, в том числе имеющих превышения весовых и габаритных параметров над допустимыми, зафиксированных АСИ, передается в ЦС уполномоченного органа в сфере автомобильного транспорта по доступным цифровым каналам связи в соответствии с требованиями законодательства в сфере цифровизации и кибербезопасности.";

      подпункт 5) пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "5) соответствие требованиям законодательства в сфере кибербезопасности;";

      в разделе "Расшифровка аббревиатур:" строку "ИС – информационная система;" изложить в следующей редакции:

      "ЦС – цифровая система;".

      3. Комитету автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 12 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр транспорта
Республики Казахстан
Н. Сауранбаев

"Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына және "Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 мамырда № 38796 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік бақылау органдары лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларында:

      23 және 24 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Интеллектуалды бақылау аспабы автомобиль көлігі саласындағы әкімшілік құқық ықтимал құқық бұзушыларды анықтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде дәлелдемелер базасын жинауға және нақты уақыт режимінде Ахуалдық орталық пен көліктік бақылау бекеттеріне қалыпқа түсірілген ақпаратты беруге арналған.

      Интеллектуалды бақылау аспабы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес көліктік деректер базасының цифрлық-талдау жүйесімен интеграцияланды.

      24. Техникалық ақау (оның ішінде деректерді онлайн беру үшін байланыс арналарының сигналдарын жоғалту) жағдайында интеллектуалды бақылау аспабы деректерді автоматты режимде локальды жадта сақтайды, деректерді беру каналы ретке келтірілгеннен кейін – нақты уақыт режимін көрсете отырып, ақпаратты береді.

      Деректерді беру көліктік бақылау бекетінің цифрлық жүйесін көліктік бақылау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Әрбір интеллектуалды бақылау аспабын беру, қабылдау және цифрлық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.".

      2. "Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;";

      Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымшада:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Автокөлік құралдарының жол жүруі туралы, оның ішінде жол берілетін, АӨС бекітілген салмақ және габариттік параметрлерден асуы туралы ақпарат цифрландыру және киберқауiпсiздiк саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес қолжетімді цифрлық байланыс арналары арқылы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның ЦЖ-не беріледі.";

      13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) киберқауiпсiздiк саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі;";

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген бөлімдегі "АҚ – ақпараттық жүйе;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЦЖ – цифрлық жүйе;".

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев