Об утверждении Правил реализации проектов строительства "под ключ"

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 15 мая 2026 года № 235. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2026 года № 38738

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.07.2026.

      В соответствии с подпунктом 34) статьи 24 Строительного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации проектов строительства "под ключ".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр промышленности и
строительства Республики Казахстан
Е. Нагаспаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра промышленности и
строительства Республики Казахстан
от 15 мая 2026 года № 235

Правила реализации проектов строительства "под ключ"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации проектов строительства "под ключ" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 34) статьи 24 Строительного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок реализации проектов строительства "под ключ".

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) проектная документация – совокупность текстовых и графических документов, создаваемых в ходе проектирования, которая включает:

      проекты благоустройства и озеленения. Проекты благоустройства и озеленения могут быть в составе проекта строительства;

      градостроительные проекты – проекты, содержащие решения комплексного градостроительного планирования организации, развития и застройки территорий и населенных пунктов или их частей (генеральная схема организации территории Республики Казахстан, межрегиональные схемы территориального развития, комплексные схемы градостроительного планирования территорий, генеральные планы населенных пунктов (схемы развития и застройки населенных пунктов), проекты детальной планировки);

      проект строительства – проектно-сметная документация, содержащая соответствующие требования настоящего Кодекса, а также сметные расчеты для организации и ведения строительства, инженерной подготовки территории, благоустройства. К проектам строительства также относятся проекты консервации и постутилизации строительных объектов;

      архитектурный проект – проект возведения строительного объекта (монумента), в проектировании которого необходимо участие архитектора;

      2) подрядчик (генеральный подрядчик) - физические и (или) юридические лица (включая совместные предприятия), имеющие лицензию на осуществление отдельных видов деятельности в сфере архитектуры, градостроительства и строительства;

      3) заказчик – физическое или юридическое лицо, осуществляющее деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан. В зависимости от целей деятельности заказчиком могут выступать заказчик – инвестор проекта (программы), заказчик (собственник) либо их уполномоченные лица;

      4) строительство "под ключ" – комплексные работы по строительству строительного объекта и вводу его в эксплуатацию, включающие выполнение проектных, изыскательских, строительно-монтажных (расширение, модернизацию, техническое перевооружение, реконструкцию, реставрацию, капитальный ремонт) и других работ, а также сопутствующие указанным работам поставку товаров, оказание услуг, за исключением проведения комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства и услуг технического надзора;

      5) расчетная стоимость строительства "под ключ" – стоимость реализации проекта строительства, определяемая на предпроектной стадии для проведения конкурсных процедур и заключения договоров о строительстве "под ключ" в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Расчетная стоимость строительства "под ключ" определяется с использованием укрупненных показателей стоимости строительства зданий и сооружений на единицу измерения показателя мощности объектов, протяженности линейного сооружения и других технических характеристик, учитывающих функциональное назначение здания, сооружения. При необходимости применяются укрупненные показатели стоимости конструктивных элементов зданий (сооружений) и видов (комплексов) работ (в том числе укрупненные показатели стоимости на основе проектно-сметной документации объектов-аналогов).

Глава 2. Порядок реализации проектов строительства "под ключ"

      3. Строительство "под ключ" применяется при реализации проектов строительства объектов первого и второго уровней ответственности.

      4. В случае, если проектом строительства "под ключ" предусмотрено проведение изыскательских работ и разработка градостроительной документации, такие работы осуществляются подрядчиком самостоятельно, либо с привлечением третьих лиц.

      5. Стоимость работ определяется на основании расчетной стоимости строительства "под ключ".

      Оплата работ в рамках строительства "под ключ" производится в соответствии с проектной документацией.

      При этом, не допускается увеличение стоимости строительства, определенной по расчетной стоимости строительства "под ключ".

      6. Взаимодействие заказчика и подрядчика, их обязанности и риски в рамках реализации строительства "под ключ" устанавливаются договором.

      Основные условия договора о строительстве "под ключ" включают:

      обязанности заказчика и подрядчика;

      сроки выполнения;

      стоимость;

      риски и ответственность;

      контроль качества и безопасность;

      изменения и дополнения к контракту;

      документация и отчетность;

      тестирование и сдача объекта;

      урегулирование споров;

      форс-мажор;

      гарантии.

      7. Заказчик при осуществлении работ по строительству "под ключ" привлекает на договорных началах лицо, осуществляющее инжиниринговые услуги по техническому надзору.

      Привлечение управляющего проектом или технического заказчика к работам по строительству "под ключ" осуществляется в соответствии со статьями 59 и 121 Строительного кодекса Республики Казахстан.

"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 мамырда № 38738 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 34) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 235 Бұйрығымен бекітілген

"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жобалау құжаттамасы – жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, ол мыналарды қамтиды:

      абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін;

      қала құрылысы жобалары – аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамытуды және оларда құрылыс салуды кешенді қала құрылысына жоспарлау шешімдерін қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары (елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салу схемалары), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары);

      құрылыс жобасы – осы Кодекстің тиісті талаптарын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру үшін сметалық есеп-қисаптарды қамтитын жобалау-сметалық құжаттама. Құрылыс жобаларына құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;

      сәулет жобасы – жобалауына сәулетшінің қатысуы қажет болатын құрылыс объектісін (монументті) тұрғызу жобасы;

      2) мердігер (бас мердігерлер) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлға (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда) ;

      3) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметінің мақсаттарына қарай тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті адамдары тапсырыс беруші бола алады

      4) "толық бітіріп берілетін" құрылыс – құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізуді және техникалық қадағалаудың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ көрсетілген жұмыстармен қатар жүретін тауарларды беруді, қызметтер көрсетуді қамтитын құрылыс объектісін салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар;

      5) "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдерді өткізу және "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар жасасу үшін жобалау алдындағы кезеңде айқындалатын құрылыс жобасын іске асыру құны. "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны ғимараттар мен құрылысжайларды салу құнының объектілердің қуат көрсеткішінің өлшем бірлігіне шаққандағы ірілендірілген көрсеткіштері, желілік құрылысжайдың ұзақтығы және ғимараттың, құрылысжайдың функционалдық мақсаты ескерілетін басқа да техникалық сипаттамалар пайдаланылып айқындалады. Қажет болған кезде ғимараттардың (құрылысжайлардың) конструкциялық элементтері мен жұмыс түрлері (кешендері) құнының ірілендірілген көрсеткіштері (оның ішінде ұқсас объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасы негізінде құнның ірілендірілген көрсеткіштері) қолданылады.

2-тарау. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру тәртібі

      3. "Толық бітіріп берілетін" құрылысы бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер құрылысының жобаларын іске асыру кезінде қолданылады.

      4. Егер "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасында іздестіру жұмыстарын жүргізу және қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу көзделген жағдайда, мұндай жұмыстарды мердігер дербес не үшінші тұлғаларды тарта отырып жүзеге асырады.

      5. Жұмыстардың құны "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны негізінде анықталады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс бойынша жұмыстарға ақы төлеу жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.

      Бұл ретте "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны бойынша анықталған құрылыс құнын ұлғайтуға жол берілмейді.

      6. Тапсырыс беруші мен мердігердің "толық бітіріп берілетін" құрылыстың шеңберінде өзара іс-қимылы, олардың міндеттері мен тәуекелдері шартпен белгіленеді.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттың негізгі шарттары мыналарды қамтиды:

      тапсырыс беруші мен мердігердің міндеттері;

      орындау мерзімдері;

      құны;

      тәуекелдер мен жауапкершілік;

      сапаны бақылау және қауіпсіздік;

      шартқа өзгерістер мен толықтырулар;

      құжаттама және есептілік;

      объектіні сынау және тапсыру;

      дауларды реттеу;

      форс-мажор;

      кепілдіктер.

      7. Тапсырыс беруші "толық бітіріп берілетін" құрылыс бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде, техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғаны шарттық негізде тартады.

      Жобаны басқарушыны немесе техникалық тапсырыс берушіні "толық бітіріп берілетін" құрылыс жұмыстарына тарту Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 59 және 121 баптарына сәйкес жүзеге асырылады.