О приостановлении действий некоторых норм структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 16 мая 2025 года № 152 "Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, форм заявлений для получения разрешения второй категории, форм разрешений второй категории, правил осуществления разрешительных процедур и правил осуществления деятельности операторов технического осмотра"

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 4 мая 2026 года № 110. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2026 года № 38657

      В соответствии с пунктом 1 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Приостановить до 1 января 2027 года действие абзаца двенадцатого пункта 3 приложения 1 к приказу исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 16 мая 2025 года № 152 "Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, форм заявлений для получения разрешения второй категории, форм разрешений второй категории, правил осуществления разрешительных процедур и правил осуществления деятельности операторов технического осмотра" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36132) и строки, порядковый номер 14, приложения 2 к Правилам осуществления разрешительных процедур и правила осуществления деятельности операторов технического осмотра, утвержденным указанным приказом.

      2. Комитету автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
М. Калиакпаров

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 бұйрығының кейбір нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 мамырда № 38657 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36132 болып тіркелген) 1-қосымшаның 3-тармағының он екінші абзацының және көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаның реттік нөмірі 14-жолының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі