О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 188 "Об утверждении Правил проведения таможенных досмотра и осмотра"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 апреля 2026 года № 226. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 апреля 2026 года № 38354

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 12.07.2026

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 188 "Об утверждении Правил проведения таможенных досмотра и осмотра" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16464) следующие изменения:

      в Правилах проведения таможенных досмотра и осмотра, утвержденных указанным приказом:

      в пункте 4:

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "4. Решение о проведении таможенного досмотра (осмотра) принимается руководителем структурного подразделения, уполномоченного на проведение таможенного досмотра (осмотра), либо органа государственных доходов (в случае их отсутствия замещающим лицом), на основании служебной записки уполномоченного на проведение таможенного досмотра (осмотра) должностного лица (далее – уполномоченное должностное лицо), за исключением случаев, когда основанием для проведения таможенного досмотра (осмотра) являются сработавшие профили риска автоматизированной системы управления рисками, либо по результатам проведения таможенного контроля с использованием инспекционно-досмотрового комплекса (далее – ИДК) таможенным органом отправления на лицевой стороне распечатанного рентген-снимка проставлен штамп "Контроль ИДК, под подозрением", и/или в цифровые системы органов государственных доходов внесены сведения, указывающие на необходимость проведения таможенного досмотра.";

      абзац третий подпункта 1) части второй изложить в следующей редакции:

      "наличие штампа "Контроль ИДК, под подозрением" на лицевой стороне распечатанного рентген-снимка, и/или сведений в цифровой системе органов государственных доходов о необходимости проведения таможенного досмотра, проставленных по результатам проведения таможенного контроля с использованием ИДК таможенным органом отправления;";

      часть третью пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "При наличии рекомендаций автоматизированной системы управления рисками, распечатывается и выдается либо посредством цифровой системы направляется уведомление о применении мер по предотвращению и (или) минимизации рисков (таможенного контроля).";

      пункт 59 изложить в следующей редакции:

      "59. В случае если цифровые системы органов государственных доходов позволяют производить регистрацию актов таможенного досмотра (осмотра) посредством цифровых систем, ведение Журнала регистрации в бумажном виде не требуется.".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 12 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

"Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38354 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16464 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларында:

      4-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің іске қосылған тәуекел бейіндері, не жөнелтуші кеден органы инспекциялық жете тексеру кешенін (бұдан әрі – ИЖТК) қолданумен жүргізген кедендік бақылаудың нәтижесі бойынша басып шығарылған рентген суретінің оң жақ бетіне "ИЖТК бақылауы, күдікті" деген мөртаңба қойылуы және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйелеріне кедендік жете тексеруді жүргізуді қажет ететін мәліметтердің енгізілуі кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізу үшін негіздеме болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізу туралы шешім кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) қызметтік жазбасы негізінде кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізуге уәкілетті құрылымдық бөлімшенің не мемлекеттік кірістер органының басшысымен (олар болмаған жағдайда алмастыратын тұлғамен) қабылданады.";

      екінші бөлігінің 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жөнелтуші кеден органы ИЖТК қолданумен жүргізген кедендік бақылаудың нәтижесі бойынша басып шығарылған рентген суретінің оң жақ бетіне қойылған "ИЖТК бақылауы, күдікті" деген мөртаңбаның, және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесінде кедендік жете тексеруді жүргізудің қажеттігі туралы мәліметтердің болуы;";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің ұсынымдары болған кезде, (кедендік бақылаудың) тәуекелдерді болдырмау және (немесе) барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану туралы хабарлама басып шығарылады және беріледі не цифрлық жүйе арқылы жолданады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Егер мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі, цифрлық жүйе арқылы кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) актілерін тіркеуді жүргізуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Тіркеу журналын жүргізу талап етілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев