О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 408 "Об утверждении перечня нормативных правовых актов, не подлежащих государственной регистрации в органах юстиции"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 февраля 2026 года № 153. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 февраля 2026 года № 37969

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 408 "Об утверждении перечня нормативных правовых актов, не подлежащих государственной регистрации в органах юстиции (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32893), следующее изменение:
      в Перечне нормативных правовых актов, не подлежащих государственной регистрации в органах юстиции, утвержденном указанным приказом:
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      "11. Нормативные правовые акты, имеющие пометки "Для служебного пользования", "Без опубликования в печати", "Не для печати", нормы которых регулируют внутриведомственную деятельность и не затрагивают интересы третьих лиц.".
      2. Департаменту законодательства отраслей экономики Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа;
      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Министр юстиции
Республики Казахстан
Е. Сарсембаев

"Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 ақпанда № 37969 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Нормалары ведомствоішілік қызметті реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Экономика салаларының заңнама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев