О приостановлении действий некоторых структурных элементов приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 275 "Об утверждении Правил организации субсидируемых рабочих мест и субсидирования заработной платы лиц, трудоустроенных на субсидируемые рабочие места"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 января 2026 года № 24. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 января 2026 года № 37880

      В соответствии с пунктом 1 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Приостановить до 1 апреля 2026 года действие пунктов 5, 6, 7, 8, части четвертой пункта 9, пунктов 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 и 21 Правил организации субсидируемых рабочих мест и субсидирования заработной платы лиц, трудоустроенных на субсидируемые рабочие места (далее – Правила), утвержденных приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 275 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32959).

      2. Установить, что на период приостановления:

      пункт 5 Правил действует в следующей редакции:

      "5. Субсидируемые рабочие места организуются карьерными центрами по заявкам работодателей, действующие более одного года.";

      часть четвертая пункта 9 Правил действует в следующей редакции:

      "Общественные работы организуются у работодателей всех форм собственности.";

      пункт 14 Правил действует в следующей редакции:

      "14. Сбор заявок от работодателей на организацию субсидируемых рабочих мест осуществляется на Электронной бирже труда.

      Прием заявок от работодателей на организацию субсидируемых рабочих мест на предстоящий финансовый год осуществляется ежегодно с 29 декабря по 16 января.

      Прием заявок от работодателей на организацию субсидируемых рабочих мест на текущий финансовый год осуществляется с 1 марта по 30 сентября.

      Карьерный центр в течение 3 (трех) рабочих дней со дня завершения сбора заявок формирует единый перечень работодателей и направляет в центр трудовой мобильности для рассмотрения и утверждения.

      Центр трудовой мобильности в течение 2 (двух) рабочих дней утверждает перечень организаций, представивших заявку на создание субсидируемых рабочих мест и количество организуемых рабочих мест (далее – Перечень), с указанием вида субсидируемых рабочих мест, продолжительности работы, профессии и размера оплаты труда в месяц.

      Карьерный центр в течение 2 (двух) рабочих дней после утверждения Перечня вносит решение центра трудовой мобильности в АИС "Рынок труда" по каждой заявке.

      При принятии центром трудовой мобильности решения об отказе в участии работодателя в организации рабочих мест по субсидируемым рабочим местам на очередной финансовый год в "личный кабинет" работодателя на Электронной бирже труда автоматически из АИС "Рынок труда" поступает уведомление об отказе с указанием причин.

      Основаниями для отказа во включение работодателя в Перечень являются:

      1) установление недостоверности документов и (или) сведений, в том числе получаемых из государственных информационных систем, необходимых для допуска работодателя к организации субсидируемых рабочих мест;

      2) невыполнение обязательств работодателя по предыдущим договорам об организации субсидируемых рабочих мест, заключенных с центром трудовой мобильности (при наличии);

      3) присутствие работодателя в регистре организаций, предоставляющих специальные социальные услуги;

      4) получение работодателем государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование и дополнительное образование детей, за исключением работодателей, подающих заявку на организацию молодежной практики и (или) проекта "Серебряный возраст";

      5) оказание работодателем медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) системы обязательного социального медицинского страхования, за исключением работодателей, подающих заявку на организацию молодежной практики и (или) проекта "Серебряный возраст";

      6) отсутствие финансирования на организацию субсидируемых рабочих мест на текущий или предстоящий финансовый год;

      7) прохождение работодателем процедуры банкротства либо ликвидации.

      Работодатель вправе обжаловать решение центра трудовой мобильности.

      Рассмотрение жалобы производится центром трудовой мобильности.

      Если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке в соответствии с пунктом 5 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса.";

      пункт 18 Правил действует в следующей редакции:

      "18. Количество организуемых субсидируемых рабочих мест у работодателя определяется центром трудовой мобильности.

      При определении количества рабочих мест учитываются организационно-правовая форма собственности работодателя, количество безработных, состоящих на учете в карьерном центре свыше 6 (шести) месяцев, а также уровень трудоустройства безработных, завершивших у работодателя работу на субсидируемых рабочих местах в прошедшем календарном году (при наличии).";

      пункт 21 Правил действует в следующей редакции:

      "21. В течение 3 (трех) рабочих дней со дня утверждения Перечня на Электронной бирже труда автоматически создается вакансия на субсидируемое рабочее место. По истечении 90 (девяносто) календарных дней созданная вакансия при ее не заполнении аннулируется.".

      3. Департаменту занятости населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
С. Жакупова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 қаңтарда № 37880 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 5, 6, 7, 8-тармақтарының, 9-тармағының төртінші бөлігінің, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарының қолданылуы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылсын.

      2. Тоқтата тұру кезеңіне:

      Қағидалардың 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:

      "5. Мансап орталықтары субсидияланатын жұмыс орындарын бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.";

      Қағидалардың 9-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылсын:

      "Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.";

      Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:

      "14. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді жинау Электрондық еңбек биржасында жүзеге асырылады.

      Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау жыл сайын 29 желтоқсаннан бастап 16 қаңтарға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.

      Ағымдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау 1 наурыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта жүзеге асырылады.

      Мансап орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін әзірлеп, қарау және бекіту үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

      Еңбек мобильділігі орталығы 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орындарының түрін, жұмыстың ұзақтығын, кәсіп пен айына еңбекақы төлеу мөлшерін көрсете отырып, субсидияланатын жұмыс орындарын құруға өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын (бұдан әрі – Тізбе) бекітеді.

      Мансап орталығы Тізбе бекітілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталығының шешімін әрбір өтінім бойынша "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді.

      Еңбек мобильділігі орталығы кезекті қаржы жылына жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындары бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы "жеке кабинетіне" автоматты түрде "Еңбек нарығы" ААЖ-дан себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.

      Жұмыс берушіні Тізбеге енгізуден бас тарту үшін:

      1) жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің дәйексіздігін белгілеу;

      2) жұмыс берушінің еңбек мобильділігі орталығымен жасалған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрынғы шарттар бойынша міндеттемелерін орындамауы (бар болса);

      3) жұмыс берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде болуы;

      4) жастар практикасын және (немесе) "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, жұмыс берушінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуы;

      5) жастар практикасын және (немесе) "Күміс жас" жобасын ұйымдастыруға өтінім беретін жұмыс берушілерді қоспағанда, жұмыс берушінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуі;

      6) ағымдағы немесе алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаражаттың болмауы;

      7) жұмыс берушінің банкроттық немесе таратылу рәсімінен өтуі негіз болып табылады.

      Жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығының шешіміне шағымдануға құқылы.

      Шағымды қарауды еңбек мобильділігі орталығы жүргізеді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртібіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      Қағидалардың 18-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:

      "18. Жұмыс берушіде ұйымдастырылатын субсидияланатын жұмыс орындарының санын еңбек мобильділігі орталығы айқындайды.

      Жұмыс орындарының санын айқындау кезінде жұмыс берушінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, мансап орталығында 6 (алты) айдан астам есепте тұрған жұмыссыздардың саны, сондай-ақ жұмыс берушіде өткен күнтізбелік жылы субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтаған жұмыссыздардың жұмысқа орналасу деңгейі (бар болса) есепке алынады.";

      Қағидалардың 21-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:

      "21. Тізбе бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасында автоматты түрде субсидияланатын жұмыс орны бойынша бос орын құрылады. Жарияланған бос орын 90 (тоқсан) күнтізбелік күн өткеннен кейін толтырмаса жойылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі