О внесении изменений и дополнения в решение маслихата района Шал акына Северо - Казахстанской области от 5 апреля 2024 года № 16/1 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2025 года № 35/2. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 ноября 2025 года № 37496

      Маслихат района Шал акына Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 5 апреля 2024 года № 16/1 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7744-15) следующие изменения и дополнение:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области";

      пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1. Определить размер и правила оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      заголовок приложения 1 к указанному решению изложить в новой редакции:

      "Размер и правила оказания жилищной помощи в районе Шал акына Северо-Казахстанской области";

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, в размере 5 (пяти) процентов.";

      дополнить пункт 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах следующих норм:

      1) нормы потребления коммунальной услуги по газоснабжению для потребителей не более пятнадцати кубических метров на человека;

      2) нормы потребления услуги электроснабжения для потребителя в соответствии нормам, установленным региональным уполномоченным органом, регулируемым деятельность в сфере естественных монополий;

      3) нормы услуг водоснабжения, и (или) водоотведения для потребителя: холодная вода не более четырех метров кубических на человека;

      горячая вода не более двух метров кубических на человека;

      4) нормы потребления услуги теплоснабжения для потребителей с приборами учета не более ноль целых двадцать пять тысячных гигакалории на один квадратный метр в месяц;

      нормы потребления услуги по теплоснабжению для потребителей не имеющих приборов учета за один квадратный метр, утверждаемые акиматом области, города республиканского значения, столицы в соответствии с подпунктом 34) статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      5) сбор и вывоз твердых бытовых отходов (мусороудаление) не более шестьсот пятидесяти тенге на человека;

      6) обслуживание лифтов не более тысячу триста тенге за квартиру;

      7) услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций не более тысячу триста девяносто девяти тенге за абонент;

      8) расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиум не более шестидесяти тенге за квадратный метр;

      9) арендная плата за пользованием жилищем из государственного жилищного фонда не более ста двадцати тенге за квадратный метр;

      10) норма квадратуры на человека восемнадцать квадратных метров полезной площади на человека, но не более фактически занимаемой площади, для одиноко проживающего не более тридцати квадратных метров.".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата района Шал акына после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области К. Жангужинов

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 16/1 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 35/2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қарашада № 37496 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 16/1 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7744-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      " 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

      3-1-тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

      "3-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

      1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

      2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

      бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

      бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

      4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

      6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

      7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

      8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

      10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Шал ақын ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы

      К. Жангужинов