О внесении изменения в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/386-6с "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент"

Решение маслихата города Шымкент от 26 декабря 2025 года № 32/298-VIII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2025 года № 37768

      Маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/386-6с "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28) следующее изменение:

      Положение о награждении Почетной грамотой города Шымкент, утвержденное указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата
      города Шымкент Б. Нарымбетов

  Приложение к решению
маслихата города Шымкент
от 26 декабря 2025 года
№ 32/298-VIII
  Утверждено
решением маслихата города Шымкент
от 29 марта 2019 года
№ 47/386-6с

Положение о награждении Почетной грамотой города Шымкент

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее положение о награждении Почетной грамотой города Шымкент (далее – Положение) разработано в соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и регулирует порядок награждения Почетной грамотой города Шымкент.

      2. Почетной грамотой города Шымкент (далее – Почетная грамота) награждаются граждане Республики Казахстан в знак признания их заслуг перед городом Шымкент, за значительный вклад в социально-экономическое развитие города в сферах производства, бизнеса, образования, здравоохранения, науки, культуры, творчества, спорта, обеспечения законности, общественного порядка, защиты прав и свобод граждан, охраны окружающей среды, расширения культурных и экономических связей с другими регионами, укрепления дружбы и межнационального согласия между народами, за достижения в государственной и воинской службе, плодотворную государственную, общественную и благотворительную деятельность.

      Почетной грамотой могут быть также награждены иностранные граждане, имеющие заслуги перед городом Шымкент.

      3. Почетной грамотой награждаются граждане, имеющие стаж работы не менее 5 (пяти) лет в сферах деятельности, указанных в пункте 2 настоящего Положения.

      4. Ходатайство о награждении Почетной грамотой вносится депутатами маслихата города Шымкент, трудовыми и творческими коллективами, общественными и религиозными объединениями, политическими партиями, юридическими лицами или инициативными группами (далее – ходатайствующее лицо).

      5. Награждению Почетной грамотой не подлежат лица, имеющие судимость, а также ранее судимые, за исключением лиц, незаконно осужденных и впоследствии полностью реабилитированных по решению суда.

Глава 2. Порядок награждения Почетной грамотой

      6. Ходатайство о награждении гражданина или иностранного гражданина Почетной грамотой направляется в аппарат маслихата города Шымкент (далее – аппарат маслихата) с указанием следующих сведений:

      фамилии, имени, отчества (при наличии);

      даты, месяца, года рождения;

      сведений об образовании;

      полного наименования организации в соответствии с уставными или учредительными документами;

      о месте работы с полным указанием занимаемой должности на дату обращения;

      о трудовой деятельности, достижениях, почетных званиях, наградах в соответствии с пунктом 2 настоящего Положения.

      7. Документы, указанные в пункте 6 настоящего Положения, представляются в аппарат маслихата для рассмотрения не позднее, чем за 30 (тридцать) календарных дней до даты награждения. Если последний день представления документов приходится на праздничный или выходной день, то последним днем представления документов является следующий за ним рабочий день.

      8. Несвоевременное представление или несоответствие представленных документов пункту 6 настоящего Положения является основанием для оставления ходатайства без рассмотрения.

      9. Повторная подача ходатайства о награждении граждан Почетной грамотой производится не раньше, чем через 5 (пять) лет с момента предыдущего награждения.

      10. Ходатайство о награждении Почетной грамотой, после проверки аппаратом маслихата своевременности и соответствия представленных документов пункту 6 настоящего Положения, вносится на рассмотрение постоянной комиссии маслихата (далее – Постоянная комиссия).

      11. Постоянная комиссия рассматривает ходатайство в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня поступления.

      По результатам рассмотрения Постоянная комиссия принимает постановление в соответствии с пунктом 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      12. Решение о награждении Почетной грамотой принимается маслихатом. Маслихат принимает решение о награждении либо об отказе в награждении Почетной грамотой. В случае отказа, аппарат маслихата письменно сообщает о принятом решении ходатайствующему лицу в течение 2 (двух) рабочих дней со дня принятия решения.

      Решение маслихата является окончательным.

      13. Почетная грамота подписывается председателем маслихата.

      14. Почетная грамота вручается в торжественной обстановке председателем маслихата.

      15. Награжденное лицо лишается Почетной грамоты в случае вступления в силу обвинительного приговора суда в отношении него решением маслихата на основании представления председателя маслихата.

      16. Повторное награждение лиц, лишенных Почетной грамоты по основаниям, предусмотренным пунктом 15 настоящего Положения, не производится.

      17. Граждане, незаконно осужденные и реабилитированные полностью, восстанавливаются в правах на Почетную грамоту решением маслихата на основании ходатайства председателя маслихата.

"Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешiмiне өзгеріс енгізу туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 32/298-VIII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 желтоқсанда № 37768 болып тіркелді

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

  Шымкент қаласы мәслихатының
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 32/298-VIII шешіміне
қосымша
  Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 47/386-6с шешімімен
бекітілген

Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін реттейді.

      2. Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) Шымкент қаласына сіңірген еңбегін мойындау белгісі ретінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, басқа өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейту, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайту салаларындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, мемлекеттік және әскери қызметте елеулi жетiстiктерi, жемісті қоғамдық және қайырымдылық қызмет атқарған Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.

      Сондай-ақ, Құрмет грамотасымен Шымкент қаласына еңбек сiңiрген шетел азаматтары да наградталуы мүмкiн.

      3. Құрмет грамотасымен осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет салаларында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар азаматтар наградталады.

      4. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтінішхатты Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, заңды тұлғалар немесе бастамашыл топтар (бұдан әрі – өтінішхат беруші тұлға) енгізеді.

      5. Заңсыз сотталған және кейіннен толық ақталған азаматтарды қоспағанда, соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотталған адамдар Құрмет грамотасымен наградтауға жатпайды.

2-тарау. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      6. Азаматты немесе шетел азаматын Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтінішхат Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына (бұдан әрі – мәслихат аппараты) мынадай мәліметтерді көрсете отырып жолданады:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      туған күні, айы, жылы;

      білімі туралы мәліметтер;

      жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауы;

      өтініш берілген күнге атқаратын лауазымын толық көрсете отырып, жұмыс орны;

      осы Ереженің 2-тармағына сәйкес еңбек қызметі, жетістіктері, құрметті атақтар, наградалар туралы.

      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар қарау үшін наградтау күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей мәслихат аппаратына ұсынылады. Егер құжаттарды ұсынудың соңғы күні мереке немесе демалыс күнге дәл келсе, құжаттарды ұсынудың соңғы күні одан кейінгі келесі жұмыс күні болып саналады.

      8. Құжаттардың уақтылы ұсынылмауы немесе ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 6-тармағына сәйкес келмеуі өтінішхатты қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады.

      9. Азаматтарды Құрмет грамотасымен наградтау туралы қайта өтінішхат беру алдыңғы наградтау сәтінен бастап 5 (бес) жылдан ерте емес уақыттан кейін жүргізіледі.

      10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтінішхат, мәслихат аппараты құжаттардың уақтылы ұсынылуын және ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 6-тармағына сәйкес келуін тексергеннен кейін, мәслихаттың тұрақты комиссиясының (бұдан әрі – Тұрақты комиссия) қарауына енгізіледі.

      11. Тұрақты комиссия өтінішхатты түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде қарайды.

      Қарау нәтижесі бойынша Тұрақты комиссия "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес қаулы қабылдайды.

      12. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді мәслихат қабылдайды. Мәслихат Құрмет грамотасымен наградтау немесе наградтаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тартқан жағдайда, мәслихат аппараты қабылданған шешім туралы өтінішхат беруші тұлғаға шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде жазбаша хабарлайды.

      Мәслихаттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

      13. Құрмет грамотасына мәслихат төрағасы қол қояды.

      14. Құрмет грамотасын салтанатты жағдайда мәслихат төрағасы тапсырады.

      15. Наградталған адам, оған қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енген жағдайда мәслихат төрағасының ұсынысы негізінде мәслихат шешімімен Құрмет грамотасынан айырылады.

      16. Осы Ереженің 15-тармағында көзделген негіздер бойынша Құрмет грамотасынан айырылған адамдарды қайта наградтау жүргізілмейді.

      17. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың Құрмет грамотасына құқықтары мәслихат төрағасының өтінішхаты негізінде мәслихат шешімімен қалпына келтіріледі.