О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 652 "Об утверждении Правил распределения исполнительных документов посредством государственной автоматизированной информационной системы исполнительного производства между частными судебными исполнителями"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 1 октября 2025 года № 538. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 октября 2025 года № 37025

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 652 "Об утверждении Правил распределения исполнительных документов посредством государственной автоматизированной информационной системы исполнительного производства между частными судебными исполнителями" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12848) следующие изменения:

      в Правилах распределения исполнительных документов посредством государственной автоматизированной информационной системы исполнительного производства между частными судебными исполнителями, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) исполнительные документы, поступившие в региональную палату частных судебных исполнителей (далее – региональная палата) на бумажном носителе или в форме электронного документа;";

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) исполнительные производства, находящиеся на исполнении у частных судебных исполнителей, действие лицензии которых приостановлено, прекращено либо лишенных лицензии, или исключенных из членства Республиканской палаты частных судебных исполнителей (далее – Республиканская палата), отсутствующих длительное время (более одного месяца), переведенных в другой исполнительный округ, поступившие по территориальности.";

      подпункт 3) пункта 2 исключить;

      часть вторую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "Исполнительные документы автоматически распределяются региональной палатой посредством государственной автоматизированной информационной системы исполнительного производства (далее – АИСОИП) равномерно между частными судебными исполнителями.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Исполнительный документ подлежит распределению среди частных судебных исполнителей района, города соответствующего месту регистрации должника. При отсутствии в районе частного судебного исполнителя, исполнительный документ распределяется между частными судебными исполнителями, закрепленными за данным районом.

      Исполнительный документ, ранее возвращенный без исполнения либо направленный по территориальности, при повторном поступлении подлежит распределению частному судебному исполнителю, инициировавшему возврат без исполнения либо направление по территориальности последним.

      В случае поступления исполнительного документа о взыскании алиментов, по которому лицо является должником в рамках другого исполнительного производства о взыскании алиментов, поступивший исполнительный документ подлежит распределению тому частному судебному исполнителю, в производстве которого находится исполнительный документ о взыскании алиментов в отношении того же должника.

      Не допускается распределение исполнительных документов частным судебным исполнителям, не зарегистрированным или не закрепленным к району регистрации должника.

      Допускается приостановление распределения исполнительных документов частным судебным исполнителям, одновременно занимающим неоплачиваемую должность руководителя региональной палаты, его заместителя, а также иную неоплачиваемую должность в органах управления Республиканской палаты, на основании их соответствующего заявления.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Частный судебный исполнитель, в случаях приостановления или прекращения действия лицензии либо лишения лицензии, или исключения из членства Республиканской палаты, временного замещения (трудовой или учебный отпуск, болезнь, командировка), перевода в другой исполнительный округ, в течение трех рабочих дней направляет материалы исполнительного производства в региональную палату.".

      2. Комитету принудительного исполнения Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
Е. Сарсембаев

"Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 538 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда № 37025 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12848 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына (бұдан әрі – өңірлік палата) қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында келіп түскен атқарушылық құжаттар;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) мүшелігінен шығарылған, ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған, басқа атқару округіне ауыстырылған, аумағы бойынша келіп түскен жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер жатады.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушылық құжаттарды өңірлік палата атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АІЖ ААЖ) арқылы жеке сот орындаушылары арасында автоматты түрде біркелкі бөледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Атқарушылық құжат борышкер тіркелген жерге сәйкес келетін ауданның, қаланың жеке сот орындаушылары арасында бөлінуге жатады. Ауданда жеке сот орындаушысы болмаған кезде атқарушылық құжат осы ауданға бекітілген жеке сот орындаушылары арасында бөлінеді.

      Бұрын орындалмай қайтарылған не аумағы бойынша жіберілген атқарушылық құжат қайта түскен кезде орындалмай қайтарылуына не аумағы бойынша жіберілуіне бастамашылық еткен жеке сот орындаушысының өзіне бөлінеді.

      Алимент өндіріп алу туралы басқа да атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкер болып табылатын адамға қатысты алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжат келіп түскен жағдайда, келіп түскен атқарушылық құжат, іс жүргізуінде сол борышкерге қатысты алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжат тұрған жеке сот орындаушысына бөлінеді.

      Атқарушылық құжаттарды борышкер тіркелген ауданға тіркелмеген немесе бекітілмеген жеке сот орындаушыларына бөлуге жол берілмейді.

      Өңірлік палата басшысының, оның орынбасарының ақы төленбейтін лауазымын, сондай-ақ Республикалық палатаның басқару органдарында ақы төленбейтін өзге де лауазымды бір мезгілде атқаратын жеке сот орындаушыларына олардың тиісті өтініші негізінде атқарушылық құжаттарды бөлуді тоқтата тұруға жол беріледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған, уақытша ауыстырылған (еңбек немесе оқу демалысы, науқастануы, іссапар), басқа атқарушылық округке ауысқан жағдайларда, атқарушылық іс жүргізу материалдарын үш жұмыс күні ішінде өңірлік палатаға жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев