Об утверждении Правил проведения поиска и оценки подземных вод

Приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 30 июня 2025 года № 161-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июня 2025 года № 36361

      В соответствии с пунктом 4 статьи 28 Водного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения поиска и оценки подземных вод.

      2. Департаменту подземных вод Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр водных ресурсов
и ирригации
Республики Казахстан
Н. Нуржигитов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр водных ресурсов
и ирригации
Республики Казахстан
от 30 июня 2025 года № 161-НҚ

Правила проведения поиска и оценки подземных вод

      1. Настоящие Правила проведения поиска и оценки подземных вод разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 28 Водного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок проведения поиска и оценки подземных вод.

      2. Проект поисково-оценочных работ на подземные воды разрабатывается для проведения поиска и оценки месторождений и участков подземных вод согласно части второй пункта 2 статьи 88 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс о недрах).

      3. В проекте поисково-оценочных работ на подземные воды описываются виды, методы и способы поисково-оценочных работ на подземные воды, количество пробуриваемых скважин и их характеристики, сроки проведения работ в трехлетний период, меры по ликвидации последствий поисково-оценочных работ, и оценка их стоимости.

      Состав, виды, методы и способы работ по поисково-оценочным работам, объемы и сроки их проведения определяются в проектных документах лицом, осуществляющим поисково-оценочные работы на подземные воды, самостоятельно.

      4. Работы по поиску и оценки подземных вод осуществляются в рамках проекта поисково-оценочных работ на подземные воды и в соответствии с Инструкцией по составлению проектных документов по геологическому изучению недр, утвержденной приказом Исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 мая 2018 года № 396 "Об утверждении инструкции по составлению проектных документов по геологическому изучению недр" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17076).

      5. Проведение поиска и оценки подземных вод осуществляется за счет бюджетных средств и других источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      Поиск и оценка подземных вод также могут осуществляться за счет средств физических и юридических лиц, заинтересованных в водных ресурсах подземных вод.

      6. При проведении поисково-оценочных работ соблюдаются требования по охране подземных вод, предусмотренные в соответствии с пунктом 2 статьи 224 Экологического кодекса Республики Казахстан.

      7. В проекте поисково-оценочных работ на подземные воды предусматриваются рекомендации по организации и проведению мониторинга подземных вод.

      8. Результатам поисково-оценочных работ на подземные воды является обнаружение месторождений или участков подземных вод.

      9. Если результат поисков-оценочных работ на подземные воды обнаруженного месторождения или участка подземных вод, запасы которого получили положительное заключение государственной экспертизы недр, согласно статье 89 Кодекса о недрах, то лицо, проводившее поисково-оценочные работы на подземные воды, в месячный срок с даты получения положительного заключения государственной экспертизы недр разрабатывает паспорт месторождения подземных вод в соответствии со статьей 37 Кодекса о недрах, с последующим направлением в уполномоченный орган по изучению недр.

Жерасты суларын іздеу және бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 161-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36361 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 28-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жерасты суларын іздеу және бағалау жүргізу жөніндегі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп

      және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 161-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Жерасты суларын іздеу және бағалау қағидалары

      1. Осы Жерасты суларын іздеуді және бағалауды жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жерасты суларын іздеуді және бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы кодекс) 88-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жерасты суларының кен орындары мен учаскелерін іздестіруді және бағалауды жүргізу үшін әзірленеді.

      3. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасында жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының түрлері, әдістері мен тәсілдері, бұрғыланатын ұңғымалардың саны және олардың сипаттамалары, үш жылдық кезеңдегі жұмыстарды жүргізу мерзімдері, іздеу-бағалау жұмыстарының салдарын жою жөніндегі шаралар және олардың құнын бағалау сипатталады.

      Іздеу-бағалау жұмыстары бойынша жұмыстардың құрамын, түрлерін, әдістері мен тәсілдерін, оларды жүргізу көлемі мен мерзімдерін жобалау құжаттарында жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлға дербес айқындайды.

      4. Жерасты суларын іздеу және бағалау жөніндегі жұмыстар жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы шеңберінде және "Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 396 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17076 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Жерасты суларын іздеу мен бағалауды жүргізу бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады.

      Жерасты суларын іздеу мен бағалау жерасты суларының су ресурстарына мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 224-бабының 2-тармағына сәйкес көзделген жерасты суларын қорғау жөніндегі талаптар сақталады.

      7. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасында жерасты суларына мониторингті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ұсынымдар көзделеді.

      8. Жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижелері жерасты суларының кен орындарын немесе учаскелерін анықтау болып табылады.

      9. Егер Жер қойнауы туралы кодекстің 89-бабына сәйкес қорлары жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған табылған кен орнының немесе жерасты сулары учаскесінің жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижесі жер қойнауы туралы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған күннен бастап жерасты сулары кен орнының паспортын әзірлейді Жер қойнауы туралы кодекстің 37-бабына сәйкес, кейіннен жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.