О приостановлении действий некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" и приказа Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 "Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 5 июня 2025 года № 185. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июня 2025 года № 36256

      В соответствии с пунктом 1 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Приостановить до 1 июня 2026 года действие:

      1) подпункта 10) пункта 3, части второй пункта 6, подпункта 13) пункта 379, части первой пункта 1 и пункта 2 Приложения 2 Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11550);

      2) подпункта 9) пункта 5 и пункта 22 Правил перевозок грузов автомобильным транспортом, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12463).

      2. Комитету автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
М. Калиакпаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының және "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 маусымда № 36256 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) 3-тармағының 10) тармақшасының, 6-тармағының екінші бөлігінің, 379-тармағының 13) тармақшасының, 2-қосымшасының 1-тармағының 1-бөлігінің және 2-тармағының;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) 5-тармағының 9) тармақшасының және 22-тармағының қолданылуы 2026 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі