Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Тараз

Решение Таразского городского маслихата Жамбылской области от 15 марта 2024 года № 14-8. Зарегистрированы Департаментом юстиции Жамбылской области 19 марта 2024 года № 5174-08.

      Сноска. Наименование решения в редакции решения Таразского городского маслихата Жамбылской области от 31.10.2025 № 33-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Таразский городской маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула – в редакции решения Таразского городского маслихата Жамбылской области от 25.09.2026 № 43-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить правила и размер оказания жилищной помощи в городе Тараз согласно приложению к настоящему решению..

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Таразского городского маслихата Жамбылской области от 31.10.2025 № 33-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение Таразского городского маслихата Жамбылской области от 15 июня 2020 года №58-3 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4636).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Таразского городского маслихата К. Олжабай

  Приложение к решению
Таразского городского маслихата
от 15 марта 2024 года № 14-8

Правила и размер оказания жилищной помощи в городе Тараз

      Сноска. Приложение – в редакции решения Таразского городского маслихата Жамбылской области от 25.09.2026 № 43-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Правила и размер оказания жилищной помощи в городе Тараз разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763).

      Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище на территории города Тараз, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата города Тараз" (далее - услугодатель).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на текущие и накопительные взносы, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели в размере 5 (пяти) процентов к совокупному доходу услугополучателя.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил.

      5. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию или на веб-портал "цифрового правительства".

      6. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "цифрового правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      7. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации, производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      8. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных расходах на текущие и накопительные взносы и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      9. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год.

      10. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 14-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 наурызда № 5174-08 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 31.10.2025 № 33-5 (алғашқы ресми жариланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 31.10.2025 № 33-5 (алғашқы ресми жариланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы №58-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4636 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық
      мәслихатының төрағасы К. Олжабай

  Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 14-8 шешіміне қосымша

Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 31.10.2025 № 33-5 (алғашқы ресми жариланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 31.10.2025 № 33-5 (алғашқы ресми жариланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырылады.

      3. Қызмет алушының жиынтық табысын қызмет беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) пайыз мөлшерінде айқындалды.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі.

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      банктік шоты;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот; 

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы:

      мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      банктік шотының электрондық көшірмесі;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 31.10.2025 № 33-5 (алғашқы ресми жариланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Қызмет алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары бір айға:

      жеке басты азаматтар үшiн – 30 (отыз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екi және одан да көп адамнан тұратын отбасының әрбір мүшесiне – 18 (он сегіз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес.

      9. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3320 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 97 бабының 5 тармағына сәйкес айқындайды.

3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау қызмет алушыға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілетін қызмет алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді қызмет беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.