Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, архивного дела, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 8 апреля 2022 года № 11-4. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 апреля 2022 года № 27534.

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 04.06.2026 № 25-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового Кодекса Республики Казахстан, пункта 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить повышенные не менее чем на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, архивного дела, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов, по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 04.06.2026 № 25-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2022 года.

      Секретарь маслихата Б. Конысбаева

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 11-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 сәуірде № 27534 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 04.06.2026 № 25-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 04.06.2026 № 25-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Мәслихат хатшысы Б. Конысбаева