Об утверждении Правил информирования зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года № 102. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 апреля 2021 года № 22586.

      В соответствии с подпунктом 35-10) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила информирования зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений.

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

  Утверждены приказом
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
от 20 апреля 2021 года № 102

Правила
информирования зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений

      Сноска. Правила в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации РК от 16.04.2026 № 190-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила информирования зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 35-10) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре" (далее – Закон) и определяют порядок информирования зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) зрелищное культурно-массовое мероприятие – культурно-массовое мероприятие, проводимое в местах для проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий и предполагающее одновременное нахождение на этом мероприятии двухсот и более зрителей;

      2) организатор зрелищного культурно-массового мероприятия – физическое или юридическое лицо, по инициативе которого проводится зрелищное культурно-массовое мероприятие;

      3) масс-медиа – средство массовой информации и интернет-ресурс;

      4) культурно - массовое мероприятие – культурное мероприятие, направленное на музыкально-эстетическое воспитание населения, удовлетворение его духовных и эстетических запросов;

      5) исполнитель – актер, певец, музыкант, танцор или иное лицо, которое играет роль, поет, читает, декламирует, играет на музыкальном инструменте, интерпретирует или иным образом исполняет произведения литературы и (или) искусства (в том числе эстрадный, цирковой или кукольный номер) или произведения народного творчества, а также режиссер-постановщик спектакля и дирижер;

      6) объект наружной (визуальной) рекламы – сооружения, различного рода объемные или плоскостные конструкции, в том числе экраны и электронные табло, световые конструкции, и иные средства, используемые для распространения и (или) размещения рекламы;

      7) фонограмма – звуковая запись исполнений или иных звуков, а также представление звуков в любой форме, за исключением записи, включенной в аудиовизуальное произведение.

Глава 2. Порядок информирования зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений

      3. Организаторы зрелищных культурно-массовых мероприятий (далее – организаторы), а также творческие коллективы и исполнители культурно-массовых мероприятий (далее – творческие коллективы и исполнители) согласно пункту 4-1 статьи 9-1 Закона в части телевизионных записей и в иных местах, специально неприспособленных и непредназначенных для проведения концертных зрелищно культурно-массовых мероприятий информируют зрителя об использовании голосовых (вокальных) фонограмм при исполнении музыкальных произведений.

      4. Организаторы зрелищных культурно-массовых мероприятий обязаны информировать зрителя об использовании голосовых (вокальных) фонограмм при исполнении музыкальных произведений во время проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан.

      5. При проведении культурно-массовых мероприятий творческие коллективы и исполнители обязаны информировать зрителя об использовании голосовых (вокальных) фонограмм при исполнении музыкальных произведений в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан.

      6. Информация о товаре (работе, услуге) в обязательном порядке должна содержать указание на использование голосовых (вокальных) фонограмм, аудиовизуальной записи при оказании развлекательных услуг исполнителями музыкальных произведений в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан.

      7. Информация об использовании голосовых (вокальных) фонограмм при исполнении музыкальных произведений при проведении зрелищных культурно-массовых мероприятий и культурно-массовых мероприятий размещается на объектах наружной (визуальной) рекламы, в том числе находящихся и размещенных непосредственно в местах продажи соответствующей билетной продукции, а также в масс-медиа.

      8. В информации о проведении зрелищных культурно-массовых мероприятий и культурно-массовых мероприятий, передаваемой на теле-, радиоканалах, продолжительность звукового информирования об использовании голосовых (вокальных) фонограмм составляет не менее 5 секунд (пяти секунд) в начале или конце сообщения, за исключением случаев, указанных в пункте 9 настоящих Правил.

      Громкость сообщения об использовании голосовых (вокальных) фонограмм не должна быть ниже громкости самого сообщения о проведении зрелищных культурно-массовых мероприятий и культурно-массовых мероприятий.

      9. В случае если продолжительность звукового информирования о проведении зрелищных культурно-массовых мероприятий и культурно-массовых мероприятий, в том числе передаваемого на теле-, радиоканалах, во время которого исполняются музыкальные произведения с использованием голосовых (вокальных) фонограмм, не превышает 15 секунд (пятнадцати секунд), необходимо обязательно информировать об использовании голосовых (вокальных) фонограмм путем произнесения слов "Используется голосовая (вокальная) фонограмма" или нанесения текста аналогичного содержания в начале или конце звукового информирования на телеканалах.

      10. При звуковом информировании о проведении зрелищных культурно-массовых мероприятий и культурно-массовых мероприятий, в том числе передаваемого на теле-, радиоканалах, запрещается искажать передаваемую информацию об использовании голосовых (вокальных) фонограмм, иными звуками и применение иных способов снижения слышимости или различимости информации.

      11. Обязательное информирование зрителя организаторами, а также творческими коллективами и исполнителями об использовании голосовых (вокальных) фонограмм при исполнении музыкальных произведений осуществляется до запуска продажи билетов не позднее чем за 30 дней на зрелищные культурно-массовые мероприятия и культурно-массовые мероприятия.

Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 22586 болып тіркелді.

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 20 сәуірдегі
№ 102 бұйрығымен
бекітілген

Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 16.04.2026 № 190-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 35-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған орындарда өткізілетін және осы іс-шарада екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін мәдени-бұқаралық іс-шара;

      2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы – бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;

      3) масс - медиа – бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс;

      4) мәдени - бұқаралық іс-шара – халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған мәдени іс-шара;

      5) орындаушы – актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын, интерпретациялайтын немесе әдебиет және (немесе) өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірлерін) немесе халық шығармашылығы туындыларын өзгедей жолмен орындайтын басқа адам, сондай-ақ спектакльді қоюшы-режиссер және дирижер;

      6) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;

      7) фонограмма – орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгізілген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру.

2-тарау. Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау тәртібі

      3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар (бұдан әрі – ұйымдастырушылар), сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралардың шығармашылық ұжымдары мен орындаушылар (бұдан әрі – шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар) Заңның телевизиялық жазбаларды және концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған өзге де орындарға қатысты бөлігіндегі 9-1 бабының 4-1 тармағына сәйкес музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлайды.

      4. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу уақытында музыкалық туындыларды орындау барысында дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға міндетті.

      5. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға міндетті.

      6. Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат музыкалық туындыларды орындаушылардың ойын-сауық қызметтерін көрсетуі кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларын, дыбыс-бейне жазбаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдалануын көрсетуді міндетті түрде қамтуға тиіс.

      7. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде музыкалық туындыларды орындауда дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы ақпарат сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде тиісті билет өнімдерін сату орындарында орналасқан және орналастырылған өнімдерде, сондай-ақ масс-медиада орналастырылады.

      8. Теле-, радиоарналарда берілетін ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы ақпаратта дауыс (вокалды) фонограммаларды пайдалану туралы дыбыстық хабарламаның ұзақтығы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, хабарламаның басында немесе соңында кемінде 5 секундты (бес секундты) құрайды.

      Дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы хабарламалардың дыбыс деңгейі ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы хабарламаның өз дыбыс деңгейінен төмен болмауы тиіс.

      9. Дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуымен музыкалық туындылар орындалатын ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы, оның ішінде теле-, радиоарналарда берілетін дыбыстық хабарлау 15 (он бес) секундтан аспаған жағдайда, басында немесе соңында "Дауыс (вокалды) фонограммасы пайдаланылады" деген сөздерді айту немесе телеарналарда осыған ұқсас мазмұндағы мәтінді жазу арқылы дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы хабардар етуге міндетті.

      10. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы, оның ішінде теле-, радиоарналарда берілетін дыбыстық хабарлау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы берілетін ақпаратты өзге дыбыстармен бұрмалауға және ақпараттың естілуін немесе ажыратылуын төмендетудің өзге де тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.

      11. Музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауды ұйымдастырушылар, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларға кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн қалғанда билеттерді сатуды бастамас бұрын жүзеге асыруға міндетті.