О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 17 октября 2026 года № 1531

  Подлежит опубликованию
  в Собрании актов Президента и
  Правительства Республики Казахстан

      В целях дальнейшей дебюрократизации кадровых процессов на государственной службе в соответствии с принципами, определенными Указом Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 872 "О мерах по дебюрократизации деятельности государственного аппарата", ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 17 октября 2026 года № 1531

ИЗМЕНЕНИЯ,
которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан

      1. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 151 "Об утверждении Специальных квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса "А":

      в Специальных квалификационных требованиях к административным государственным должностям корпуса "А", утвержденных вышеназванным Указом:

      подпункт 4) пункта 2 исключить;

      главу 5 исключить.

      2. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы":

      в Правилах занятия вакантных или временно вакантных административных государственных должностей корпуса "Б" в порядке перевода без проведения конкурса, утвержденных вышеназванным Указом:

      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "2. Занятие государственной должности в порядке перевода помимо случаев, установленных Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", может осуществляться:

      1) на административные государственные должности корпуса "Б" Администрации Президента Республики Казахстан, Аппарата Совета Безопасности Республики Казахстан, Аппарата Курултая Республики Казахстан, Аппарата Правительства Республики Казахстан, Управления делами Президента Республики Казахстан и Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі, а также из данных государственных органов в другие государственные органы;

      2) внутри государственных органов, указанных в подпункте 1) настоящего пункта;

      3) с политической государственной должности и административной государственной должности корпуса "А" на административную государственную должность корпуса "Б";

      4) с административной государственной должности корпуса "Б" на иную административную государственную должность корпуса "Б" при условии, что служащий занимал предыдущую должность не менее одного года и получил в течение четырех кварталов подряд на занимаемой должности результаты оценки деятельности со значением "выполняет функциональные обязанности эффективно";

      5) на нижестоящую должность внутри государственного органа административного государственного служащего корпуса "Б", занимающего временно вакантную должность, при выходе на работу основного служащего, за которым сохранялась данная должность.

      3. Назначение в порядке перевода допускается при соответствии государственного служащего квалификационным требованиям и отсутствии у него в течение шести месяцев дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу, либо за нарушение норм служебной этики.".

      3. В Указе Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2020 года № 485 "Об утверждении квалификационных требований к отдельным политическим государственным должностям":

      в Квалификационных требованиях к отдельным политическим государственным должностям, утвержденных вышеназванным Указом:

      подпункт 2) пункта 2 исключить;

      главу 3 исключить.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 17 қазандағы № 1531 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
  Президенті мен Үкіметі актілерінің
  жинағында жариялануға тиіс

      Мемлекеттік қызметтегі кадрлық процестерді одан әрі бюрократиядан арылту мақсатында "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығымен айқындалған қағидаттарға сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2026 жылғы 17 қазандағы
  № 1531 Жарлығымен
  БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "талаптарды;" деген сөз "талаптарды қамтиды." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тарау алып тасталсын.

      2. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Аппаратының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының және Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың ішінде;

      3) мемлекеттік саяси лауазымнан және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынан "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына;

      4) қызметші алдыңғы лауазымды кемінде бір жыл атқарып, атқарған лауазымында қатарынан төрт тоқсан бойы қызметін бағалаудың "функционалдық міндеттерді тиімді орындайды" деген нәтижесін алған жағдайда "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынан "Б" корпусының өзге мемлекеттік әкімшілік лауазымына;

      5) лауазымы сақталып тұрған негізгі қызметші жұмысқа шыққан кезде осы уақытша бос лауазымды атқарып жүрген әкімшілік мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органның ішінде төмен тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Ауысу тәртібімен тағайындауға мемлекеттік қызметші біліктілік талаптарына сай болған және оның алты ай ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазасы болмаған кезде жол беріледі.".

      3. "Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 485 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тарау алып тасталсын.

      _____________________________