О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 5 июня 2026 года № 1304

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего Указа см. п. 3.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан (далее – изменения и дополнения).

      2. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего Указа.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев четвертого, седьмого и десятого пункта 1 изменений и дополнений, которые вводятся в действие с 12 июля 2026 года.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 5 июня 2026 года № 1304

ИЗМЕНЕНИЯ И ДОПОЛНЕНИЯ,
которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан

      1. В Указе Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 "Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан":

      в Положении о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      после абзаца пятьдесят шестого подпункта 1) пункта 14 дополнить абзацем пятьдесят седьмым следующего содержания:

      "создавать, сопровождать, развивать и эксплуатировать цифровые объекты, обеспечивающие решение задач органов национальной безопасности;";

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 80-1) следующего содержания:

      "80-1) разработка и утверждение правил обеспечения кибербезопасности сетей правительственной связи, республиканских сетей защищенной связи и сетей защищенной связи органов национальной безопасности;";

      подпункты 135) и 136) исключить;

      дополнить подпунктом 141-1) следующего содержания:

      "141-1) разработка и утверждение правил системно-технического обслуживания объектов цифровой инфраструктуры органов национальной безопасности;";

      в подпункт 156) вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      подпункт 182) изложить в следующей редакции:

      "182) организация и осуществление технических, криминалистических и полиграфологических исследований;";

      подпункт 316) изложить в следующей редакции:

      "316) для служебного пользования;".

      2. Секретно.

      _____________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 1304 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының төртінші, жетінші және оныншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 1304 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      14-тармақтың 1) тармақшасы елу алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы елу жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін цифрлық объектілерді құру, сүйемелдеу, дамыту және пайдалану;";

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 80-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "80-1) үкіметтік байланыс желілерінің, республикалық қорғалған байланыс желілерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының қорғалған байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      135) және 136) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "141-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      156) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "156) ұлттық қауіпсіздік органдарында жергілікті есептеуіш желілерін ұйымдастыру мен құру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      182) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "182) техникалық, криминалистік және полиграфологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;";

      316) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "316) қызмет бабында пайдалану үшін;".

      2. Құпия.