О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 "Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2026 года № 652

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 "Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве транспорта Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 308) изложить в следующей редакции:

      "308) разработка и утверждение формы цифровой грузовой авианакладной;

      дополнить подпунктом 380-1):

      "380-1) утверждение состава комиссии по расследованию авиационного происшествия или инцидентов;";

      подпункты 381) и 382) изложить в следующей редакции:

      "381) создание комиссии по расследованию авиационного происшествия или инцидента по представлению уполномоченной организации по расследованию авиационных происшествий и инцидентов в соответствии с правилами представления данных и расследования авиационных происшествий и инцидентов в гражданской и экспериментальной авиации;

      382) разработка и утверждение правил представления данных и расследования авиационных происшествий и инцидентов в гражданской и экспериментальной авиации;";

      подпункт 383) исключить;

      подпункт 390) исключить;

      подпункт 392) исключить;

      дополнить подпунктами 429-16), 429-17), 429-18), 429-19), 429-20), 429-21), 429-22), 429-23) следующего содержания:

      "429-16) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва вносят предложения в Правительство Республики Казахстан о разбронировании материальных ценностей государственного резерва для оказания гуманитарной помощи;

      429-17) по согласованию с уполномоченными органами в области государственного материального резерва и мобилизационной подготовки принимают решения о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке заимствования;

      429-18) вносят предложения в уполномоченный орган в области государственного материального резерва по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного резерва и о разбронировании материальных ценностей государственного резерва при изменении номенклатуры;

      429-19) размещают заказы на поставку материальных ценностей мобилизационного резерва в соответствии с номенклатурой и объемами хранения материальных ценностей государственного резерва;

      429-20) принимают решение о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке освежения;

      429-21) по решению уполномоченного органа по управлению государственным имуществом по согласованию с государственными органами – получателями и уполномоченным органом в области государственного материального резерва осуществляют передачу на безвозмездной основе материальных ценностей мобилизационного резерва, подлежащих освежению, и разбронированных материальных ценностей при изменении номенклатуры на баланс других государственных органов;

      429-22) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва принимают решения о перемещении материальных ценностей мобилизационного резерва;

      429-23) организуют хранение и освежение материальных ценностей мобилизационного резерва;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого и двадцать первого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 652 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      308) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "308) цифрлық авиажүкқұжатының нысанын әзірлеу және бекіту;";

      380-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "380-1) авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;";

      381) және 382) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "381) азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның ұсынуы бойынша авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру;

      382) азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      383) тармақша алып тасталсын;

      390) тармақша алып тасталсын;

      392) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 429-16), 429-17), 429-18), 429-19), 429-20), 429-21), 429-22), 429-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "429-16) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      429-17) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      429-18) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      429-19) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;

      429-20) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      429-21) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;

      429-22) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      429-23) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов