О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2026 года № 403

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан" следующие дополнения:

      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением, пункт 15 дополнить подпунктами 388-18), 388-19), 388-20), 388-21), 388-22), 388-23), 388-24), 388-25), 388-26), 388-27), 388-28), 388-29), 388-30), 388-31), 388-32), 388-33), 388-34) и 388-35) следующего содержания:

      "388-18) разрабатывает и утверждает план гражданской обороны Министерства;

      388-19) разрабатывает, утверждает и (или) согласовывает нормативы, нормативные технические документы и правила, ведет государственный отраслевой учет чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и представляет эти данные в уполномоченный орган в сфере гражданской защиты;

      388-20) организовывает научные исследования, пропаганду знаний, обучение населения и специалистов в сфере гражданской защиты;

      388-21) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва вносит предложения в Правительство Республики Казахстан о разбронировании материальных ценностей государственного резерва для оказания гуманитарной помощи;

      388-22) по согласованию с уполномоченными органами в области государственного материального резерва и мобилизационной подготовки принимает решение о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке заимствования;

      388-23) вносит предложения в Правительство Республики Казахстан по объему и структуре расходов по формированию и хранению материальных ценностей мобилизационного резерва;

      388-24) вносит предложения в уполномоченный орган в области государственного материального резерва по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного резерва и о разбронировании материальных ценностей государственного резерва при изменении номенклатуры;

      388-25) размещает заказы на поставку материальных ценностей мобилизационного резерва в соответствии с номенклатурой и объемами хранения материальных ценностей государственного резерва;

      388-26) принимает решение о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке освежения;

      388-27) по решению уполномоченного органа по управлению государственным имуществом по согласованию с государственными органами – получателями и уполномоченным органом в области государственного материального резерва осуществляет передачу на безвозмездной основе материальных ценностей мобилизационного резерва, подлежащих освежению, и разбронированных материальных ценностей при изменении номенклатуры на баланс других государственных органов;

      388-28) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва принимает решение о перемещении материальных ценностей мобилизационного резерва;

      388-29) организует хранение и освежение материальных ценностей мобилизационного резерва;

      388-30) проводит мероприятия по предупреждению пожаров в подведомственных организациях;

      388-31) осуществляет руководство отраслевыми подсистемами гражданской защиты;

      388-32) создает запасы имущества гражданской обороны в подведомственных организациях и осуществляет внутренний контроль за их хранением, обновлением и поддержанием в готовности к применению;

      388-33) разрабатывает и утверждает план действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций глобального и регионального масштабов Министерства по согласованию с уполномоченным органом в сфере гражданской защиты;

      388-34) обеспечивает создание запасных (городских) и вспомогательных пунктов управления Министерства;

      388-35) выполняет требования по предупреждению чрезвычайных ситуаций;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев шестого, седьмого, девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого и двадцатого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 403 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде 15-тармақ мынадай мазмұндағы 388-18), 388-19), 388-20), 388-21), 388-22), 388-23), 388-24), 388-25), 388-26), 388-27), 388-28), 388-29), 388-30), 388-31), 388-32), 388-33), 388-34) және 388-35) тармақшалармен толықтырылсын:

      "388-18) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      388-19) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      388-20) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;

      388-21) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      388-22) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      388-23) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      388-24) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      388-25) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;

      388-26) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      388-27) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;

      388-28) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      388-29) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;

      388-30) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізеді;

      388-31) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асырады;

      388-32) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және қолдануға әзірлікте ұсталуын ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      388-33) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      388-34) Министрліктің қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;

      388-35) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындайды;".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов