О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2025 года № 789 "Об утверждении перечня должностей правоохранительных органов и органов гражданской защиты, подпадающих под получение жилищных выплат"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2026 года № 91

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2025 года № 789 "Об утверждении перечня должностей правоохранительных органов и органов гражданской защиты, подпадающих под получение жилищных выплат" следующие изменения и дополнение:

      в перечне должностей правоохранительных органов и органов гражданской защиты, подпадающих под получение жилищных выплат, утвержденном указанным постановлением:

      абзац второй пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "Служба по надзору за законностью досудебного расследования и уголовного преследования, Служба по надзору за законностью приговоров, вступивших в законную силу, и их исполнением, Служба по защите общественных интересов, Служба досудебного расследования, Служба международно-правового сотрудничества, Служба по возврату активов, Департамент кадровой работы, Департамент собственной безопасности, Департамент по надзору за законностью оперативно-розыскной, контрразведывательной деятельности и негласных следственных действий, Департамент финансов:";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Комитет по защите прав инвесторов Генеральной прокуратуры (далее – КЗПИ):

      Председатель КЗПИ;

      Заместитель председателя КЗПИ;

      Начальник управления КЗПИ;

      Заместитель начальника управления КЗПИ;

      Начальник отдела КЗПИ;

      Старший прокурор управления, отдела КЗПИ;

      Прокурор управления, отдела КЗПИ.

      Примечание: не распространяется на должности, функциональными обязанностями которых являются вопросы реализации:

      языковой политики;

      работы со средствами массовой информации и по связям с общественностью;

      документационного обеспечения, в том числе секретного;

      кадрового обеспечения (за исключением осуществления служебной, боевой и мобилизационной подготовки);

      финансового обеспечения;

      информатизации, цифровизации и защиты информационных ресурсов;

      материально-технического обеспечения.";

      абзац второй пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "Департамент ликвидации чрезвычайных ситуаций, Департамент информатизации, цифровизации и связи, Центр стратегического планирования и оперативного управления (на правах Департамента), Департамент кадровой и воспитательной работы, Управление мобилизационной подготовки, Управление дознания:";

      в пункте 17:

      абзацы двадцать шестой и двадцать седьмой изложить в следующей редакции:

      "начальник управления (курирующий подразделения общественной безопасности, патрульную полицию на транспорте);

      заместитель начальника управления (курирующий подразделения общественной безопасности, патрульную полицию на транспорте);";

      дополнить абзацем шестьдесят девятым следующего содержания:

      "старший инспектор-психолог (переговорщик);";

      абзацы девяносто седьмой и девяносто восьмой изложить в следующей редакции:

      "заместитель начальника (курирующий оперативную работу, следствие, подразделения общественной безопасности, патрульную полицию на транспорте) городского (районного, на транспорте) управления (отдела) полиции, отдела полиции;

      начальник (курирующий оперативную работу, следствие, подразделения общественной безопасности, патрульную полицию на транспорте) отделения полиции;";

      абзац сто шестой изложить в следующей редакции:

      "начальник отдела (отделения) общественной безопасности и его заместитель;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев двадцать шестого, двадцать седьмого, двадцать восьмого, тридцать первого, тридцатого второго, тридцать третьего, тридцать четвертого и тридцать пятого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 июля 2025 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

"Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 91 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесінде:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі, Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі, Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі, Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі, Активтерді қайтару жөніндегі қызмет, Кадрлық жұмыс департаменті, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті, Қаржы департаменті:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – ИҚҚК):

      ИҚҚК төрағасы;

      ИҚҚК төрағасының орынбасары;

      ИҚҚК басқарма бастығы;

      ИҚҚК басқарма бастығының орынбасары;

      ИҚҚК бөлім бастығы;

      ИҚҚК басқарма, бөлім аға прокуроры;

      ИҚҚК басқарма, бөлім прокуроры.

      Ескертпе: функционалдық міндеттері:

      тіл саясатын;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс жұмысын;

      құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде құпия құжаттамалық қамтамасыз етуді;

      кадрлық қамтамасыз етуді (қызметтік, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жүзеге асыруды қоспағанда);

      қаржылық қамтамасыз етуді;

      ақпараттандыруды, цифрландыруды және ақпараттық ресурстарды қорғауды;

      материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.";

      8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төтенше жағдайларды жою департаменті, Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті, Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы (Департамент құқығында), Кадр және тәрбие жұмысы департаменті, Жұмылдыру дайындығы басқармасы, Анықтау басқармасы:";

      17-тармақта:

      жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "басқарма бастығы (қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);";

      "басқарма бастығының орынбасары (қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін).";

      мынадай мазмұндағы алпыс тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "аға инспектор-психолог (келіссөз жүргізуші);"

      тоқсан жетінші және тоқсан сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "қалалық (аудандық, көліктегі) полиция басқармасы (бөлімі), полиция бөлімі бастығының орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);";

      "полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысқа, тергеуге, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);";

      жүз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және оның орынбасары;".

      2. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов