О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 "Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2025 года № 1106

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1095 "Об утверждении перечня видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами" следующие изменения и дополнения:

      в перечне видов деятельности, осуществляемых государственными предприятиями, юридическими лицами, более пятидесяти процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированными с ними лицами, утвержденном указанным постановлением:

      в графе 5 строки, порядковый номер 343:

      подпункт 9) изложить в следующей редакции:

      "9) республиканские государственные предприятия;";

      дополнить подпунктом 10) следующего содержания:

      "10) товарищество с ограниченной ответственностью "Институт Евразийской интеграции";

      в графе 5 строки, порядковый номер 347:

      подпункт 47) изложить в следующей редакции:

      "47) товарищество с ограниченной ответственностью "Научно-производственный центр агроинженерии";";

      дополнить подпунктом 48) следующего содержания:

      "48) товарищество с ограниченной ответственностью "Институт Евразийской интеграции";

      в графе 5 строки, порядковый номер 376:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный научный центр развития сферы социальной защиты";";

      дополнить подпунктом 3) следующего содержания:

      "3) республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальная академия образования имени И. Алтынсарина" Министерства просвещения Республики Казахстан".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 1106 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 343-жолдың 5-бағанында:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;";

      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) "Еуразиялық интеграция институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      реттік нөмірі 347-жолдың 5-бағанында:

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";

      мынадай мазмұндағы 48) тармақшамен толықтырылсын:

      "48) "Еуразиялық интеграция институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      реттік нөмірі 376-жолдың 5-бағанында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов