О некоторых вопросах установления изъятия из национального режима

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2025 года № 824

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. При осуществлении государственных закупок установить изъятие из национального режима товаров бумажной отрасли, происходящих из иностранных государств, за исключением товаров, не производимых на территории Республики Казахстан.

      2. Допустить к участию в государственных закупках физические и юридические лица, находящиеся в реестре отечественных производителей товаров, работ и услуг.

      3. Министерству промышленности и строительства Республики Казахстан по согласованию с Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" в течение 10 рабочих дней со дня принятия настоящего постановления утвердить перечень товаров, предусмотренных в пункте 1 настоящего постановления, с указанием кодов в соответствии с единым номенклатурным справочником товаров, работ, услуг и обеспечить представление данного перечня в уполномоченный орган по государственным закупкам.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 28 октября 2025 года, подлежит официальному опубликованию и действует в течение двух лет.

      При этом установить, что пункт 2 настоящего постановления с 1 января 2026 года действует в следующей редакции:

      "2. Допустить к участию в государственных закупках физические и юридические лица, находящиеся в реестре казахстанских производителей.".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 824 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын қағаз саласының тауарларын ұлттық режимнен алып қою белгіленсін.

      2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, осы қаулының 1-тармағында көзделген тауарлардың тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және екі жыл бойы қолданыста болады.

      Бұл ретте осы қаулының 2-тармағы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. Қазақстандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін.".

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов