О внесении изменений в Порядок отложенного определения таможенной стоимости товаров

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 6 апреля 2021 года № 42.

      В соответствии с пунктом 16 статьи 38 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в Порядок отложенного определения таможенной стоимости товаров, утвержденный Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 июня 2018 г. № 103, следующие изменения:

      а) пункт 3 дополнить подпунктом "г" следующего содержания:

      "г) если ввозимые товары помещаются под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления и согласно условиям внешнеэкономического договора (контракта), в соответствии с которым товары продаются для вывоза на таможенную территорию Евразийского экономического союза, не установлена фиксированная цена, подлежащая уплате за эти товары, но в таком внешнеэкономическом договоре (контракте) установлен порядок (алгоритм, формула) расчета окончательной цены товара с учетом его качественных (количественных) характеристик, определяемых после дня регистрации декларации на товары (например, в зависимости от удельного веса легирующего элемента сплава, химический анализ которого осуществляется после ввоза товара на таможенную территорию Евразийского экономического союза).";

      б) в пункте 4 слова "подпункте "а", "б" или "в" пункта 3" заменить словами "подпункте "а", "б", "в" или "г" пункта 3";

      в) пункт 5 дополнить подпунктом "в" следующего содержания:

      "в) в случае, указанном в подпункте "г" пункта 3 настоящего Порядка, – на основании наиболее высокой цены товаров, которая может быть рассчитана исходя из возможных качественных (количественных) характеристик товаров в соответствии с порядком (алгоритмом, формулой) расчета, установленным договором.";

      г) пункт 6 дополнить подпунктом "в" следующего содержания:

      "в) в случае, указанном в подпункте "г" пункта 3 настоящего Порядка, – на основании цены, фактически уплаченной или подлежащей уплате за ввозимые товары, рассчитанной исходя из фактических качественных (количественных) характеристик товаров в соответствии с порядком (алгоритмом, формулой) расчета, установленным договором.";

      д) в абзаце втором пункта 8 слова "Комиссии Таможенного союза от 20 сентября 2010 г. № 376" заменить словами "Коллегии Евразийской экономической комиссии от 16 октября 2018 г. № 160";

      е) подпункт "а" пункта 15 дополнить абзацем следующего содержания:

      "в случае, указанном в подпункте "г" пункта 3 настоящего Порядка, – цены, фактически уплаченной или подлежащей уплате за ввозимые товары, рассчитанной исходя из фактических качественных (количественных) характеристик товаров в соответствии с порядком (алгоритмом, формулой) расчета, установленным договором;";

      ж) в абзаце первом пункта 16 цифру "3" заменить цифрой "5".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

Тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 42 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 38-бабының 16-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 103 шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын кейіннен айқындау тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а)  3-тармақ "в" тармақшасындағы "белгіленген болса, тауарлардың кедендік құнының дәл көлемін айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі." деген сөздер "белгіленген болса;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы "г" тармақшамен толықтырылсын:

      "г)  егер әкелінетін тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылса және оған сәйкес тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету үшін сатылатын сыртқы экономикалық шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес осы тауарлар үшін төленуге жататын тіркелген баға белгіленбесе, бірақ мұндай сыртқы экономикалық шартта (келісімшартта) тауарлар декларациясы тіркелген күннен кейін айқындалатын оның сапалық (сандық) сипаттамаларын ескере отырып, тауардың түпкілікті бағасын есептеу тәртібі (алгоритмі, формуласы) белгіленсе (мысалы, химиялық талдау тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін жүзеге асырылатын қорытпаның легирлеуші элементінің үлес салмағына қарай), тауарлардың кедендік құнының дәл көлемін айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі.";

      б)  4-тармақтағы "3-тармағының тиісінше "а", "б" немесе "в" тармақшаларына" деген сөздер "3-тармағының тиісінше "а", "б" "в" немесе "г" тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в)  5-тармақ мынадай мазмұндағы "в" тармақшамен толықтырылсын:

      "в)  осы Тәртіптің 3-тармағының "г" тармақшасында көрсетілген жағдайда – шартта белгіленген есептеу тәртібіне (алгоритміне, формуласына) сәйкес тауарлардың ықтимал сапалық (сандық) сипаттамалары негізге алына отырып есептелуі мүмкін тауарлардың неғұрлым жоғары бағасының негізінде айқындалады.";

      г)  6-тармақ "б" тармақшасындағы "негізінде айқындалады." деген сөздер "негізінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы "в" тармақшамен толықтырылсын:

      "в)  осы Тәртіптің 3-тармағының "г" тармақшасында көрсетілген жағдайда – шартта белгіленген есептеу тәртібіне (алгоритміне, формуласына) сәйкес тауарлардың нақты сапалық (сандық) сипаттамалары негізге алына отырып есептелген, әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға негізінде айқындалады.";

      д)  8-тармақтың екінші абзацындағы "2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кедендік одақ Комиссиясының № 376" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 160" деген сөздермен ауыстырылсын;

      е)  15-тармақтың "а" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Тәртіптің 3-тармағының "г" тармақшасында көрсетілген жағдайда – шартта белгіленген есептеу тәртібіне (алгоритміне, формуласына) сәйкес тауарлардың нақты сапалық (сандық) сипаттамалары негізге алына отырып есептелген, әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаны;";

      ж)  16-тармақтың бірінші абзацындағы "3" деген цифр "5" деген цифрмен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович