Об утверждении Методики расчета годовой сметы расходов на управление объектом кондоминиума, а также методики расчета минимального размера взносов на управление объектом Кондоминиума на 2026 год

Решение Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 30 апреля 2026 года № 40/238-VIII

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 166 "Об утверждении Методики расчета годовой сметы расходов на управление объектом кондоминиума, а также методики расчета минимального размера взносов на управление объектом кондоминиума" Казыгуртский районный маслихат ПРИНЯЛ РЕШЕНИЕ:

      1. Утвердить минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2026 год в сумме 44,37 тенге в месяц за один квадратный метр полезной площади, что составляет 1,02 % от месячного расчетного показателя, утвержденного на 2026 год.

      2. Признать утратившим силу решение Казыгуртского районного маслихата от 24 декабря 2025 года № 36/206-VIІI "Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на 2026 год" (номер в Госреестре НПА РК № 219778).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Т. Калымбетов

2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 40/238-VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 166 бұйрығына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 2026 жылға бір шаршы метр пайдалы ауданы үшін айына 44,37 теңге сомасында бекітілсін, бұл 2026 жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 1,02 % құрайды.

      2. "2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/206-VIIІ шешімінің (ҚР НҚА Мем.тізіліміндегі нөмірі № 219778) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Т. Калымбетов