Об утверждении норм потребления сжиженного нефтяного газа в Северо-Казахстанской области на 2026-2031 годы

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 10 июня 2026 года № 160

      В соответствии с подпунктом 34) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 6-2) пункта 5 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О газе и газоснабжении", Правилами расчета и утверждения норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 18 сентября 2018 года № 377 "Об утверждении Правил расчета и утверждения норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17472), акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить норму потребления сжиженного нефтяного газа в Северо-Казахстанской области на 2026-2031 годы в размере 6,9205 килограмма на одного человека в месяц, при отсутствии приборов учета газа.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для опубликования в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Северо-Казахстанской области Г. Нурмухамбетов

2026–2031 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 160 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына, "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелді) бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 – 2031 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары есептеу аспаптары болмаған кезде айына бір адамға шаққанда 6,9205 килограмм мөлшерінде бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов