О внесении изменений и дополнений в Постановление акимата Павлодарской области от 1 февраля 2016 года № 20/1 "Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов"

Постановление акимата Павлодарской области от 19 мая 2026 года № 136/1

      В соответствии с подпунктом 6-8) пункта 1-1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в Постановление акимата Павлодарской области от 1 февраля 2016 года № 20/1 "Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов" следующие изменения и дополнения:

      абзац восьмой подпункта 2) пункта 7.1 изложить в следующей редакции:

      "восстановление профиля щебеночных и гравийных покрытий, а также грунтовых дорог с добавлением необходимого количества новых материалов".

      подпункт 2) пункта 7.1 дополнить абзацами следующего содержания:

      "перевод щебеночного и гравийного покрытия на асфальтобетонное покрытие без изменения технической категории улицы (с соответствующим расчетом по усилению дорожной одежды);

      ресайклирование на большую и маленькую глубину усовершенствованного и щебеночного/гравийного покрытия, имеющего дефекты, свидетельствующие о недостаточной прочности, с добавлением необходимого количества нового материала и использованием полученного материала для устройства основания дорожной одежды, с последующей укладкой поверх одного или двух слоев асфальтобетонного покрытия (согласно расчету дорожной одежды), при необходимости защитного слоя, слоя износа, поверхностной обработки;

      устройство переходных дорожных одежд, устройство щебеночных/гравийных покрытий с использованием новых материалов (в том числе укрепленных/обработанных вяжущими материалами), отходов промышленности, малопрочных каменных материалов".

      подпункт 3) пункта 7.1 дополнить следующим содержанием:

      "на участках внутри поселковых дорог, в пределах существующего земляного полотна, при отсутствии сформированного водотока и водосборной площади, требующих устройства расчетных водопропускных сооружений, в целях обеспечения отвода дренажных и ливневых вод допускается выполнение работ по устройству и восстановлению упрощенных водопропускных элементов. Указанные элементы предусматриваются на участках с высотой насыпи до 0,8 м и выполняются, в том числе, с применением металлических или железобетонных труб диаметром до 0,5 м и общей длиной до 10,0 м, не относящихся к расчетным водопропускным сооружениям".

      подпункт 4) пункта 7.1 дополнить следующим содержанием:

      "установка, ремонт, частичная или полная замена, обновление, объединение аппаратно-программной части оборудования и контрольно-измерительных приборов для мониторинга и контроля за дорожным движением и перевозочной деятельностью, в том числе оплаты за проезд, фиксации нарушений ПДД, системы распознавания и фиксации, осуществляющие мониторинг (учет) движения транспортного потока, автоматизированных станций измерения фиксации весовых и габаритных параметров, осевых нагрузок".

      2. Государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Павлодарской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республик Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области;

      принятие иных необходимых мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Батыргужинова С.Б.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Байханов

Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 20/1 "Елді мекендер көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 136/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 20/1 "Елді мекендер көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      7.1-тармағының 2) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қиыршық тас және гравий жабындарының, сондай-ақ топырақ жолдардың профилін қажетті мөлшерде жаңа материалдар қосу арқылы қалпына келтіру".

      7.1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "көшенің техникалық санатын өзгертпей, қиыршық тас және гравий жабындысын асфальт-бетон жабынына ауыстыру (жол жабынын күшейту бойынша тиісті есептеумен);

      жетілдірілген және қиыршық тас/гравий жабынының беріктігінің жеткіліксіз екенін көрсететін ақаулары болған жағдайда оны үлкен және кіші тереңдікте ресайклингтеу, қажетті мөлшерде жаңа материал қосу арқылы алынған материалды жол жабынының негізін жасауға пайдалану, кейіннен оның үстіне асфальт-бетон жабынының бір немесе екі қабатын (жол жабынының есебіне сәйкес), қажет болған жағдайда қорғаныш қабатын, тозу қабатын, үстіңгі өңдеуді төсеу;

      өтпелі жол жабынын салу, жаңа материалдарды (соның ішінде тұтқыр материалдармен нығайтылған/өңделген), өнеркәсіп қалдықтарын, беріктігі төмен тас материалдарды пайдалана отырып, қиыршық тас/гравий жабындарын төсеу".

      7.1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

      "елді мекен ішіндегі жолдардың учаскелерінде, қолданыстағы жер төсемі шегінде, есептік сужүргізу құрылыстарын салуды талап ететін қалыптасқан су ағыны мен су жиналу алаңы болмаған жағдайда, дренаждық және нөсерлік суларды бұруды қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген сужүргізу элементтерін орнату және қалпына келтіру жұмыстарын орындауға жол беріледі. Аталған элементтер төсем биіктігі 0,8 м дейінгі учаскелерде қарастырылады және соның ішінде, есептік сужүргізу құрылыстарына жатпайтын, диаметрі 0,5 м дейін және жалпы ұзындығы 10,0 м дейінгі металл немесе темірбетон құбырларды қолдану арқылы жасалуы мүмкін".

      7.1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

      "жол қозғалысы мен тасымалдау қызметін бақылау және мониторингтеу үшін жабдықтың аппараттық-бағдарламалық бөлігін және бақылау-өлшеу құралдарын орнату, жөндеу, ішінара немесе толық алмастыру, жаңарту, біріктіру, соның ішінде жолақысын төлеу, жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу, көлік ағынын бақылау (есепке алу) жүйелері, тану және тіркеу жүйелері, осьтік жүктемелер мен өлшем және габаритті параметрлерін автоматты тіркеу станциялары".

      2. "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Батырғұжиновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов