О внесении дополнения в постановление акимата района от 14 сентября 2023 года № 233 "Об утверждении положений о государственных учреждениях акимата района Беимбета Майлина и аппаратов акимов сельских округов, поселка Тобол района Беимбета Майлина"

Постановление акимата района Беимбета Майлина Костанайской области от 12 марта 2026 года № 34

      Акимат района Беимбета Майлина ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района Беимбета Майлина "Об утверждении положений о государственных учреждениях акимата района Беимбета Майлина и аппаратов акимов сельских округов, поселка Тобол района Беимбета Майлина" от 14 сентября 2023 года № 233 следующее дополнение:

      в приложении 7 "Положение о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства акимата района Беимбета Майлина", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить абзацами следующего содержания:

      "

      - определение мест, в которых запрещены выгул домашних животных либо нахождение с животными с иной целью, а также при необходимости оборудование мест для выгула домашних животных;

      - организация информационного обеспечения деятельности приютов для животных и социальной рекламы, направленной на передачу животных новым владельцам, розыск владельцев потерявшихся животных, информирование о необходимости стерилизации домашних животных;

      - проведение мероприятий по регулированию численности бродячих животных;

      - организация проведения ветеринарных мероприятий на соответствующей территории, строительство и содержание специальных хранилищ (могильников), используемых в животноводстве, а также осуществление организаций санитарного убоя больных животных.

      ".

      2. Государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства акимата района Беимбета Майлина" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата района Беимбета Майлина после его официального опубликования;

      3) принятие иных необходимых мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением постановления возложить на руководителя аппарата акима района Беимбета Майлина.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Беимбета Майлина К. Муржакупов

"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 34 қаулысы

      Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже" 7 қосымшасында:

      15-тармақ келесі мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын:

      "

      - үй жануарларын жаю не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын жаюға арналған орындарды жабдықтау;

      - жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;

      - қараусыз қалған жануарларының санын реттеу бойынша іс-шараларды жүргізу;

      - тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастыру, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру.

      ".

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов