О внесении изменений в решение Сарканского районного маслихата от 8 декабря 2023 года № 16-64 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района"

Решение Сарканского районного маслихата области Жетісу от 29 апреля 2026 года № 58-222

      Сарканский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сарканского районного маслихата от 8 декабря 2023 года № 16-64 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 189842) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района, утвержденных указанным решением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Перечни праздничных дней и памятных дат для оказания социальной помощи:

      1) 15 февраля - День вывода советских войск из Афганистана;

      2) 26 апреля - Международный день памяти жертв аварии на Чернобыльской атомной электростанции;

      3) 9 мая - День Победы в Великой Отечественной войне;

      4) 29 августа - День закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигон;

      5) 10 октября – День лиц с инвалидностью.

      подпункт 6) пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "6) Лицам (семьям) признанными ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний:

      лицам, состоящим на диспансерном учете с социально значимым заболеванием в том числе: туберкулезбез учета среднедушевого дохода в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей, ежемесячно;

      родителям или иным законным представителям детей, инфицированных вирусом иммунодефицита человека состоящих на диспансерном учете без учета среднедушевого дохода в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год, ежемесячно;";

      подпункты 9)-10) пункта 7 исключить:

      подпунк 11) пункта 7изложить в следующей редакции:

      "11) Социальная помощь на санаторно-курортное лечение одному из законных представителей детей с инвалидностью и лицам, сопровождающим лиц с инвалидностью первой группы на санаторно-курортное лечение 1 раз в год без учета среднедушевого дохода в размере 70 (семидесяти) процентов от гарантированной суммы;

      подпункт 12)пункта 7 исключить;

      подпункт 13)пункта 7изложить в следующей редакции:

      13) ко дню лиц с инвалидностью Республики Казахстан - детям с инвалидностью в возрасте до 18 лет (одному из родителей или иным законным представителям) в размере 6 (шести) месячных расчетных показателей 1 раз в год.

      пункт 7.1 изложить в следующей редакции:

      "7.1. Социальная помощь на санаторно-курортное лечение 1 раз в год, но не более гарантированной суммы, без учета среднедушевого дохода:

      1) лицам, указанным в подпунктах 1)-5) пункта 7 настоящих Правил;

      2) лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане.";

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. председателя Сарканского районного маслихата Е.Дармишев

Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 16-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 58-222 шешімі

      Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерінбелгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 16-64 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189842 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні;

      2) 26 сәуір - Халықаралық Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күні;

      3) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;

      4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;

      5) 10 қазан – Мүгедектігі бар адамдар күні.

      7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):

      әлеуметтік маңызы бар оның ішінде: туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, ай сайын;

      7-тармақтың 9)-10) тармақшалары алып тасталсын;

      7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерінің біріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емделуге алып (еріп)жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде әлеуметтік көмек;

      7-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;

      7-тармақтың 13)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      13) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет.

      7.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.1. Жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:

      1) осы қағиданың 7-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға;

      2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған тұлғаларға."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихат төрағасының м.а. Е.Дармишев