Об утверждении сроков приема документов и проведения конкурса на международную стипендию "Болашак" в 2026 году

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 30 марта 2026 года № 161

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 5 Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак", утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573 и подпунктом 73-11) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить сроки приема документов и проведения конкурса на международную стипендию "Болашак" в 2026 году:

      прием документов: с 16 марта по 16 октября 2026 года;

      проведение конкурса: с 13 апреля по 31 декабря 2026 года.

      2. Департаменту международного сотрудничества Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 16 марта 2026 года.

      Министр науки и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

2026 жылғы "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 161 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 73-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2026 жылғы "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері:

      құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 16 наурыз бен 16 қазан аралығы;

      конкурсты өткізу: 2026 жылғы 13 сәуір мен 31 желтоқсан аралығы болып бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек