О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 16 октября 2023 года № 57/01 "О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из семей социально уязвимых слоев населения в дошкольных организациях области Ұлытау"

Постановление акимата области Ұлытау от 16 февраля 2026 года № 15/03

      Акимат области Ұлытау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау "О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из семей социально уязвимых слоев населения в дошкольных организациях области Ұлытау" от 16 октября 2023 года №57/01 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №60-20) следующее изменение:
      подпункт 3) пункта 1 изложить в новой редакции:
      "3) детям из многодетных семей, имеющих право на получение адресной социальной помощи, а также детям из многодетных семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким области Ұлытау Д. Рыспеков

"Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылдың 16 қазанындағы № 57/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ұлытау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 15/03 қаулысы

      Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылдың 16 қазанындағы №57/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №60-20 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков