О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1042 "Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих сферы социального обеспечения"

Приказ и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 января 2026 года № 35

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1042 "Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих сферы социального обеспечения"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12751) следующие изменения:
      в Реестре должностей гражданских служащих сферы социального обеспечения, утвержденном указанным приказом:
      в БЛОКе С - Административный персонал:
      строку С2 и С3 изложить в следующей редакции:
      "

С2
 
Специалисты высшего уровня квалификации: архивист, бухгалтер, инженер всех специальностей, менеджер по государственным закупкам, менеджер, экономист, юрист, юрисконсульт, программист, переводчик, инспектор, инспектор по кадрам, инструктор, энергетик, библиотекарь, инженер ТБ, начальник штаба гражданской обороны, специалист по государственному языку, специалист по международному сотрудничеству, специалист тестового контроля, специалист отдела комплектаций, специалист по кадрам, статистик, референт, специалист по связям с общественностью, системный администратор.
С3
 
Специалисты среднего уровня квалификации: архивист, бухгалтер, инженер всех специальностей, менеджер по государственным закупкам, экономист, юрисконсульт, программист, переводчик, инспектор, инструктор, энергетик, библиотекарь, культуролог, инспектор по кадрам, техники всех наименований, статистик, референт, системный администратор. Руководитель структурного подразделения, занятого административно-хозяйственным обслуживанием государственного учреждения и казенного предприятия: гаража, делопроизводством, камеры хранения, канцелярии, котельной, прачечной, склада, хозяйства, овощехранилища.

      ".
      2. Департаменту занятости населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) в течение пяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
Министра труда и социальной защиты
населения Республики Казахстан
А. Ертаев

"Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 35 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығына" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12751 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімінде:

      С БЛОГЫнда - Әкімшілік персонал:

      С2 және С3 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

С2


Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, экономист, заңгер, заңгер консультант, программист, аудармашы, инспектор, кадрлар жөніндегі инспектор, нұсқаушы, энергетик, кітапханашы, ТҚ инженері, азаматтық қорғаныс штабының басшысы, мемлекеттік тіл жөніндегі маман, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі маман, тестілік бақылау маманы, жинақтау бөлімінің маманы, кадрлар жөніндегі маман, статистик, референт, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, жүйелік әкімші.

С3


Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, экономист, заңгер консультант, программист, аудармашы, инспектор, нұсқаушы, энергетик, кітапханашы, мәдениеттанушы, кадрлар жөніндегі инспектор, барлық атаудағы техниктер, статистик, референт, жүйелік әкімші
Мемлекеттік орган мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің: гараждың, іс-жүргізу, сақтау камерасының, кеңсенің, қазандықтың, кір жуатын орынның, қойманың, шаруашылықтың, көкөніс сақтау қоймасының басшысы.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Ертаев