О внесении изменений в решение маслихата района Биржан сал от 26 декабря 2023 года № С-8/5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Биржан сал"

Решение маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 13 апреля 2026 года № C-33/2

      Маслихат района Биржан сал РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Биржан сал" от 26 декабря 2023 года № С-8/5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8689-03) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      подпункт 9) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "9) к 16 декабря – День Независимости:

      лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел, в размере 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей.";

      подпункты 1), 2) и 3) пункта 12 изложить в новой редакции:

      "1) гражданам (семьям), пострадавшим вледствие стихийного бедствия, единовременно в размере не более 100 (сто) месячных расчетных показателей, но не позднее трех месяцев с момента его наступления;

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вледствие пожара, единовременно в размере не более 200 (двести) месячных расчетных показателей, но не позднее трех месяцев с момента его наступления;

      3) лицам, имеющим социально значимые заболевания (болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), злокачественные новообразования), состоящим на учете в организациях здравоохранения, по одному виду из заболеваний, 1 раз в год в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 12) пункта 12 изложить в новой редакции:

      "12) лицам с инвалидностью первой группы, пользующимся аппаратом гемодиализа, ежемесячно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;".

      абзацы 1 и 2 подпункта 4) пункта 11, подпункты 7) и 8) пункта 12, подпункт 1) пункта 13 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Биржан сал Н. Куатова

Біржан сал ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы С-8/5 "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № C-33/2 шешімі

      Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С-8/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8689-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      11-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) 16 желтоқсанға – Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      12-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) дүлей апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, бірақ ол басталған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;

      2) өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, бірақ ол басталған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;

      3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      12-тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "12) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11-тармақтың 4) тармақшасының 1 және 2 абзацтары, 12-тармақтың 7) және 8 тармақшалары және 13-тармақтың 1) тармақшасы жойылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы Н. Қуатова