Об утверждении норматива регистрации по месту жительства и месту временного пребывания (проживания) на территории города Астаны

Решение маслихата города Астаны от 14 августа 2026 года № 452/58-VIII

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 7 Конституционного закона Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан", пунктом 6 Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к административным и жилым зданиям", утвержденных приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 июня 2022 года № ҚР ДСМ-52, маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Утвердить норматив регистрации по месту жительства и месту временного пребывания (проживания) на территории города Астаны в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров полезной площади на одного человека, за исключением членов семьи и близких родственников.

      2. Признать утратившим силу решение маслихата города Астаны от 26 декабря 2025 года № 368/48-VIII "Об утверждении норматива регистрации по месту жительства и месту временного пребывания (проживания) на территории города Астаны".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Астаны Т. Зейнұлқабден

Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 14 тамыздағы № 452/58-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативі отбасы мүшелері мен жақын туыстарды қоспағанда, бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр мөлшерінде пайдалы тұрғын алаңы белгіленсін.

      2. "Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 368/48-VIII шешімі күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т.Зейнұлқабден