Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории села Мичурино Мичуринского сельского округа района Бәйтерек и села Кушум Кушумского сельского округа района Бәйтерек

Решение временно исполняющего обязанности акима района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 4 августа 2025 года № 18

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", приказом исполняющего обязанности министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", главой 2, пункта 4, подпункта 3. Приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 марта 2015 года № 175 "Об утверждении Правил осуществления государственного учета чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" и протоколов внепланового заседания комиссии района Бәйтерек по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории села Мичурино, Мичуринского сельского округа и села Кушум, Кушумского сельского округа района Бәйтерек.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Временно исполняющий обязанности акима района Бәйтерек Туксамбаев Е.

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының және Бәйтерек ауданы Кушум ауылдық округі Кушум ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысының 2025 жылғы 4 тамыздағы № 18 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығының 2 бөлігінің 4-тармағының 3-тармақшасына және Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 24 шілдедегі № 5, 2025 жылғы 31 шілдедегі № 6 жоспардан тыс отырыстарының хаттамаларына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылының және Бәйтерек ауданы, Кушум ауылдық округі, Кушум ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Е. Туксамбаев