Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 30 сентября 2025 года № 183

      В соответствии с пунктом 4 статьи 16 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила установления стоимости государственного задания Министерства туризма и спорта Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту финансов Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности министра С. Жарасбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющего обязанности
Министра туризма и спорта
Республики Казахстан
от 30 сентября 2025 года № 183

Правила установления стоимости государственного задания Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стоимости государственного задания Министерства туризма и спорта Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 16 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок установления стоимости государственного задания за счет бюджетных средств при формировании бюджетного запроса.

      2. В настоящих Правилах используется следующее основное понятие:

      государственное задание – заказ субъектам квазигосударственного сектора с участием государства в уставном капитале и иным юридическим лицам, определяемым Правительством Республики Казахстан, на оказание отдельных государственных услуг и выполнение других задач.

Глава 2. Порядок установления стоимости государственного задания

      3. Стоимость государственного задания устанавливается исходя из суммы прямых и косвенных расходов по следующей формуле:

      С = ПР+КР, где:

      С – стоимость государственных заданий;

      ПР – прямые расходы;

      КР – косвенные расходы (административные расходы).

      4. В стоимость государственного задания не включаются следующие затраты:

      1) формирование резервов на возможные убытки;

      2) покрытие прочих долгов и убытков прошлых периодов;

      3) спонсорская помощь;

      4) расходы от собственного дохода;

      5) увеличения уставного капитала;

      6) расходы по приобретению основных средств и расходы амортизаций.

Глава 3. Виды затрат для установления стоимости государственного задания

      5. Прямые расходы включают следующие расходы, связанные с проведением государственного задания:

      1) расходы по оплате труда производственного персонала с учетом налогов и других обязательных отчислений;

      2) налоги и другие обязательные платежи в бюджет по прямым расходам;

      3) командировочные расходы производственного персонала и привлеченных внешних экспертов;

      4) расходы по авторским и смежным правам, инжиниринговые услуги по техническому надзору;

      5) приобретение товарно-материальных запасов (горюче-смазочные материалы, хозяйственные материалы, канцелярские принадлежности, медикаменты, материалы на осуществление учебного процесса);

      6) услуги связи (почтовые, курьерские услуги, интернет, услуги телефонной связи, в том числе международная и междугородняя связь);

      7) услуги по аренде;

      8) услуги физических и юридических лиц для выполнения мероприятий в рамках государственного задания;

      9) коммунальные услуги производственных помещений;

      10) страхование жизни при заграничных командировках;

      11) представительские расходы;

      12) услуги дизайнера и типографии;

      13) транспортные и логистические услуги;

      14) приобретение прав на объекты интеллектуальной собственности;

      15) организация и проведение конференций, семинаров, круглых столов, форумов;

      16) организация и проведение образовательных курсов, семинар-тренингов, образовательных мероприятий, прямых эфиров;

      17) услуги по информационному освещению проектов;

      18) предоставление социальной помощи обучающимся, которым оказывается социальная помощь согласно постановлению Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь";

      19) услуги питания для одаренных детей, обучающихся в школах-интернатах;

      20) услуги по изготовлению видео контента мероприятий;

      21) услуги по оказанию визовой поддержки.

      6. Косвенные расходы (административные расходы) включают сумму всех других видов расходов, кроме расходов, которые не могут быть напрямую отнесены к реализации государственного задания, не связаны с производственным процессом.

      7. К косвенным расходам (административным расходам) относятся:

      1) расходы по оплате труда административно-управленческого персонала с учетом налогов и других обязательных отчислений;

      2) налоги и другие обязательные платежи в бюджет по косвенным расходам;

      3) коммунальные услуги административных помещений;

      4) командировочные расходы для административного-управленческого персонала;

      5) банковские услуги;

      6) противопожарные и охранные услуги;

      7) текущий ремонт и обслуживание основных средств;

      8) аудиторские расходы;

      9) страхование;

      10) услуги подписки на периодические печатные издания и иные средства массовой информации (интернет-издания);

      11) услуги подшивки/научно-технической обработки документов и архивов;

      12) услуги по повышению квалификации;

      13) оценка имущества.

      8. Каждая статья расходов (за исключением заработных плат, социального налога, налога на добавленную стоимость) при оказании государственного задания формируется на основании ценовых предложений (не менее трех).

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 183 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрілігі

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 183 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік сұранымды қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

      мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға тапсырыс беру.

2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі

      3. Мемлекеттік тапсырмасының құны тікелей және жанама шығыстардың сомасы негізге ала отырып, мынадай формуламен белгіленеді:

      Қ = ТШ+ЖШ, мұндағы:

      Қ – мемлекеттік тапсырманың құны;

      ТШ – тікелей шығыстар;

      ЖШ – жанама шығыстар (әкімшілік шығындар).

      4. Мемлекеттік тапсырманың құнына мынадай шығындар енгізілмейді:

      1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) демеушілік көмек;

      4) өз кірісінен шығыстары;

      5) жарғылық капиталды ұлғайту;

      6) негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығыстар және амортизация шығыстары.

3-тарау. Мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеуге арналған шығыстардың түрлері

      5. Тікелей шығындар мемлекеттік тапсырманы жүргізуге байланысты мынадай шығыстарды:

      1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды;

      2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;

      3) өндірістік персоналдың және шақырылған сыртқы сарапшылардың іссапар шығыстарын;

      4) техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтер, авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарын;

      5) тауар-материалдық қорларды (жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алуды;

      6) байланыс қызметтері (пошта, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы қызметтері, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс);

      7) жалға алу бойынша қызметтерді;

      8) мемлекеттік тапсырма шеңберінде іс-шараларды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін;

      9) өндірістік үй-жайлардың коммуналдық қызметтерін;

      10) шетелдік іссапарлар кезіндегі өмірді сақтандыру;

      11) өкілдік шығыстар;

      12) дизайнер және типография қызметтер;

      13) көлік және логистикалық қызметтер;

      14) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар алу;

      15) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдерді, форумдарды ұйымдастыру және өткізу;

      16) білім беру курстарын, семинар-тренингтерді, білім беру іс-шараларын, тікелей эфирлерді ұйымдастыру және өткізу;

      17) жобаларды ақпараттық жария ету жөніндегі қызметтерді;

      18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға әлеуметтік көмек беру;

      19) мектеп-интернаттарда оқитын, дарынды балаларға арналған тамақтандыру қызметтерін;

      20) іс-шаралардың бейне мазмұнын жасау бойынша қызметтерді;

      21) визалық қолдау көрсету жөніндегі қызметтерді қамтиды.

      6. Жанама шығыстар (әкімшілік шығындар) мемлекеттік тапсырманы іске асыруға тікелей жатқызуға болмайтын, өндірістік процеске байланысты емес шығыстардан басқа шығыстардың барлық басқа түрлерінің сомасын қамтиды.

      7. Жанама шығыстарға (әкімшілік шығыстарға) мыналар жатады:

      1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;

      2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      3) әкімшілік үй-жайлардың коммуналдық қызметтер;

      4) әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары;

      5) банктік қызметтер;

      6) өртке қарсы және күзет қызметтер;

      7) негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету;

      8) аудиторлық шығыстар;

      9) сақтандыру;

      10) мерзімді баспасөз басылымдарына және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына (интернет-басылымдар) жазылу қызметтер;

      11) құжаттар мен архивтерді тігу/ғылыми-техникалық өңдеу қызметтері;

      12) біліктілікті арттыру бойынша қызметтерді;

      13) мүлікті бағалауды қамтиды.

      8. Мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде шығыстардың әрбір бабы (жалақыны, әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын қоспағанда) баға ұсыныстарының (кемінде үш) негізінде қалыптасады.