О льготном проезде отдельных категорий лиц на общественном пассажирском транспорте города Экибастуза (кроме такси)

Совместные постановление акимата города Экибастуз Павлодарской области от 17 декабря 2025 года № 970/12 и решение Экибастузского городского маслихата Павлодарской области от 17 декабря 2025 года № 298/38

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ и Экибастузский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить льготный проезд на общественном пассажирском транспорте города Экибастуза (кроме такси), за исключением маршрута сообщением "Автовокзал Экибастуз – дачи", в размере 50% от стоимости тарифа за одну поездку, при наличии документа, подтверждающего право на льготу, следующим категориям лиц:

      1) пенсионерам по возрасту;

      2) лицам с инвалидностью третьей группы.

      2. Установить бесплатный проезд на общественном пассажирском транспорте города Экибастуза (кроме такси), при наличии социальной транспортной карты и документа, подтверждающего право на льготу, следующим категориям лиц:

      1) ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      3) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      4) лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии;

      5) гражданам, проживавшим на территориях, подвергшихся радиоактивному загрязнению с 1949 года по 1990 год вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне;

      6) детям с инвалидностью в возрасте до восемнадцати лет с сопровождающим лицом на момент сопровождения;

      7) лицам с инвалидностью первой и второй групп с сопровождающим лицом на момент сопровождения;

      8) многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени;

      9) многодетным семьям, имеющим в своем составе четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей обучающихся по очной форме обучения в организациях технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста);

      10) детям, обучающимся в организациях среднего образования;

      11) сотрудникам службы пробации республиканского государственного учреждения "Департамент уголовно-исполнительной системы по Павлодарской области Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан".

      3. Установить бесплатный проезд на общественном пассажирском транспорте города Экибастуза (кроме такси) по маршруту сообщением "Автовокзал Экибастуз – дачи", при наличии документа, подтверждающего право на льготу, следующим категориям лиц:

      1) пенсионерам по возрасту;

      2) лицам с инвалидностью третьей группы.

      4. Источником финансирования определить бюджет города Экибастуза.

      5. Настоящие совместные постановление и решение вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза А. Бейсекин
      Председатель Экибастузского городского маслихата Н. Макраев

Екібастұз қаласындағы жекелеген санаттағы тұлғалардың қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 970/12 бірлескен қаулысы және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 298/38 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағына 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде "Екібастұз автовокзалы – саяжай" қатынасындағы маршрутты қоспағанда қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру ақысының 50%-ы мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы тұлғалары үшін белгіленсін:

      1) жасы бойынша зейнеткерлер;

      2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.

      2. Әлеуметтік көлік картасы және жеңілдікке құқықты растайтын құжаты болған кезде Екібастұз қаласы азаматтарының келесі санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:

      1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы кажырлы еңбегі мен мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      4) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

      5) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан 1949 жылдан 1990 жылға дейін радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын азаматтар;

      6) сүйемелдеуші тұлғалармен жүретін он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      7) сүйемелдеуші тұлғалармен жүретін бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;

      9) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;

      10) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға;

      11) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің пробация қызметінің қызметкерлеріне.

      3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде "Екібастұз автовокзалы – саяжай" маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы тұлғалары үшін белгіленсін:

      1) жасы бойынша зейнеткерлер;

      2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.

      4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.

      5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин
      Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев