Об утверждении тарифа на оказание специальных социальных услуг на 2026 год

Постановление акимата Костанайского района Костанайской области от 24 декабря 2025 года № 741

      В соответствии с приказом заместителя Премьер - Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" акимат Костанайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тариф на оказание специальных социальных услуг на 2026 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ" акимата Костанайского района в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Костанайского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района О. Нургалиев

  Приложение
  к постановлению акимата
  Костанайского района
  от "__" декабря 2025 года
  № ___
  Утверждено
  постановлением акимата
  Костанайского района
  от "__" декабря 2025 года
  № ___

Тариф на оказание специальных социальных услуг на 2026 год

Наименование организации, оказывающей специальные социальные услуги

Вид обслуживания

Тариф на 1 получателя услуг в месяц (в тенге)

Тариф на 1 получателя услуг в день (в тенге)

1

Коммунальное государственное учреждение "Центр оказания специальных социальных услуг акимата Костанайского района"

На дому

56280,58

2558,20


2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 741 қаулысы

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қостанай ауданының әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Нургалиев

  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" желтоқсандағы
  № ____ қаулысына
  қосымша
  Қостанай ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" желтоқсандағы
  № ____ қаулысымен
  бекітілді

2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Қызмет түрі

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

1

"Қостанай ауданы әкімдігінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Үйде

56280,58

2558,20