Об установлении публичного сервитута на земельный участок для прокладки и эксплуатации инфраструтуры (воздушная линия электропередачи) товариществу с ограниченной ответственностью "Каскырказган Mineral resources"

Постановление акимата города Балхаш Карагандинской области от 8 июля 2025 года № 33/01

      В соответствии с Земельным Кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", рассмотрев заявление товарищества с ограниченной ответственностью "Каскырказган Mineral resources", акимат города Балхаш ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить товариществу с ограниченной ответственностью "Каскырказган Mineral resources" публичный сервитут сроком на 10 (десять) лет без изъятия земельных участков у землепользователей на земельном участке площадью 102 гектар, расположенного по адресу: город Балхаш, севернее города для прокладки и эксплуатации инфраструтуры (воздушная линия электропередачи).

      2. Товариществу с ограниченной ответственностью "Каскырказган Mineral resources" возместить убытки собственникам земельных участков и землепользователям в полном объеме, размер убытков и порядок их компенсации определить соглашением сторон в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан (по согласованию);

      3. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений города Балхаш" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением данного постановления оставляю за собой.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима города Балхаш Р. Сыздыков

"Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне инфрақұрылымды (әуе электр беру желісі) жүргізу мен пайдалану үшін жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі № 33/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне инфрақұрылымды (әуе электр беру желісі) жүргізу мен пайдалану үшін, Балқаш қаласы, қаланың солтүстігінде орналасқан, ауданы 102 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).

      3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласы әкімінің міндетін атқарушы Р. Сыздыков