О переименовании некоторых составных частей города Балхаш Карагандинской области

Совместные постановление акимата Карагандинской области от 20 ноября 2025 года № 66/01 и решение Карагандинского областного маслихата от 20 ноября 2025 года № 335

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании протокола о результатах публичных слушаний Балхашского городского маслихата от 30 июня 2023 года и заключения Республиканской ономастической комиссии от 20 июня 2025 года акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Карагандинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Переименовать следующие составные части города Балхаш Карагандинской области:

      микрорайон 10 – на микрорайон Ер Жәнібек батыр;

      квартал 90 – на квартал Бейбітшілік;

      переулок Цветочный – на переулок Қызғалдақ;

      улицу Станционная – на улицу Жолашар;

      квартал Мехколонна – на квартал Мирас;

      улицу К.Сатпаева – на улицу Серпін;

      парк "30 лет – ВЛКСМ" – на парк "Достық".

      2. Изменить транскрипцию следующих составных частей города Балхаш Карагандинской области:

      микрорайон Садыка Мухамеджанова – на микрорайон Сыдық Мұхамеджанов;

      микрорайон К. Сатпаева – на микрорайон Қаныш Сәтбаев.

      3. Настоящее совместное постановление акимата Карагандинской области и решение Карагандинского областного маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Булекпаев
      Председатель Карагандинского областного маслихата Н. Кобжанов

Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы бірқатар құрамдас бөліктерді қайта атау туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 66/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 335 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы хаттамасы және Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:

      10 шағын аудан - Ер Жәнібек батыр шағын ауданы;

      90 орам – Бейбітшілік орамы;

      Цветочный тұйық көшесі – Қызғалдақ тұйық көшесі;

      Станционная көшесі – Жолашар көшесі;

      Мехколонна орамы – Мирас орамы;

      Қ.Сәтбаев көшесі – Серпін көшесі;

      "ВЛКСМ–ге 30 жыл" саябағы – "Достық" саябағы деп қайта аталсын.

      2. Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:

      Садык Мухамеджанов шағын ауданы – Сыдық Мұхамеджанов шағын ауданы;

      К.Сатпаев шағын ауданы – Қаныш Сәтбаев шағын ауданы болып транскрипциясына өзгеріс енгізілсін.

      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев
      Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Н. Қобжанов