Об утверждении Перечня операций, входящих в услуги подъездных путей

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 28 июля 2025 года № 237

      В соответствии с подпунктом 21) пункта 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень операций, входящих в услуги подъездных путей.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 июля 2004 года № 287-I "Об утверждении Перечня операций, входящих в услуги подъездных путей".

      3. Комитету железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий
обязанности министра
М. Калиакпаров

  Утвержден приказом
Министра транспорта
Республики Казахстан
от 28 июля 2025 года № 237

Перечень операций, входящих в услуги подъездных путей

      1. Услуги ветвевладельца по предоставлению в пользование подъездных путей или обслуживанию им грузоотправителей и грузополучателей являются услугами подъездных путей.

      2. Услуга подъездных путей включает в себя:

      операции по предоставлению подъездного пути для проезда подвижного состава:

      1) содержание и обслуживание подъездного пути;

      2) управление процессом содержания и обслуживания подъездного пути.

      операции по предоставлению подъездного пути для маневровых работ, погрузки-выгрузки, других технологических операций перевозочного процесса, а также для стоянки подвижного состава, непредусмотренной технологическими операциями перевозочного процесса:

      1) содержание и обслуживание подъездного пути;

      2) управление процессом содержания и обслуживания подъездного пути.

      3. Ветвевладелец осуществляет следующие дополнительные операции:

      1) подача-уборка вагонов к фронтам погрузки-выгрузки локомотивом;

      2) накатка-выкатка вагонов специализированными средствами;

      3) предоставление специализированных средств механизации для погрузки, выгрузки (разгрузки);

      4) предоставление специализированных складских помещений;

      5) предоставление услуг вагонных весов.

Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 237 бұйрығы

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 287-I бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін;

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Калиакпаров

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2025 жылғы 28 шiлдедегi
№ 237 бұйрығымен
бекітілген

Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесі:

      1. Тармақ иесінің кірме жолдарды пайдалануға беру немесе жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтері кірме жолдардың қызметтері болып табылады.

      2. Кірме жол қызметтері мыналарды қамтиды:

      жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі операциялар:

      1) кірме жолды күтіп-ұстау және қызмет көрсету;

      2) кірме жолды күтіп-ұстау және қызмет көрсету процесін басқару.

      маневрлік жұмыстарды, тиеу-түсіру және тасымалдау үдерісінің басқа да технологиялық операцияларын жүргізу, сондай-ақ тасымалдау үдерісінің технологиялық операцияларымен қарастырылмаған жылжымалы құрамның тұруы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі операциялар:

      1) кірме жолды күтіп-ұстау және қызмет көрсету;

      2) кірме жолды күтіп-ұстау және қызмет көрсету процесін басқару.

      3. Тармақ иесі мынадай қосымша операцияларды орындайды:

      1) локомотивпен тиеу-түсіру фронттарына вагондарды беру және әкету;

      2) мамандандырылған құралдармен вагондарды кіргізу және шығару (итеру-шығару);

      3) тиеу және түсіру (түсіру) үшін мамандандырылған механизацияланған құралдарды ұсыну;

      4) мамандандырылған қойма үй-жайларын ұсыну;

      5) вагон таразылары қызметтерін көрсету.